Басшы Блогы

Құрметті  блог оқырмандары!

Бүгінгі Қан қызметі – донорлық қан және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтің негізгі  түрі болып табылатын, еліміздің  барлық медициналық мекемелерін біріктіретін құрылым.

Қан қызметінің тиімді жұмысын  қоғамды тұтасымен алғанда, оның азаматтық институттары, жеке тұлғаның бизнесі бастамасының қатысуынсыз елестету мүмкін емес.

Қан қызметінің миссиясы адам өмірін құтқару болып табылады. Біздің стратегиялық мақсатымыз – донорлық қан мен оның компоненттеріне      тіркелген  емдік  мекемелердің қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде талап етілген нормативтік талаптарға сәйкес қан компоненттерін және препараттарын дайындау арқылы халықтың денсаулығын қолдауға қатысу.  Қызметтің басқа да маңызды бағыттарының  арасында – қан қызметі ұйымдарының озық нысандары мен әдістерін әзірлеу, тәжірибелік денсаулық сақтауда қан компоненттерін  өндіру және  қабылдаудың   заманауи  технологияларын енгізу де  бар.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы 2011 жылы ақпанда құрылған, ол трансфузиологтардың  өзіндік  ғылыми  мектебін  құруға, әлемдік трансфузиологтар  қоғамдастығына  ену,  сапаның халықаралық стандарттарын қан қызметінің  қызметіне енгізу қажеттілігіне негізделген.

Бүгінде біздің Орталықтың қызметіне – республикамыздың  барлық қан қызметінің жұмысын   үйлестіру және бақылау,    өндірістік және клиникалық трансфузиология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, шетел зауыттарында қан препараттарын алу мақсатында плазманы өңдеу – келісімшарттық фракциялауды дамыту бойынша қызметін  үйлестіру.  Мұнда мамандардың жұмысымен және кәсіби әлеуетін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Орталықта дайындау шарттары ең жоғары халықаралық стандарттарға сай.

Біздің басты қағидамыз – донордың денсаулығына  еш зиян келтірмей –  ауруға жақсы көмек ету.

Осы блог арқылы өздеріңізбен бірлесе отырып  Орталығымыздың қызметін  одан әрмен жоғары деңгейге  көтеріп, қазақстандықтардың денсаулығын нығайтып, өмір сүру сапасын арттыра алатынымызға – толығымен сенемін. Осы орайда, біздің құзыретімізге кіретін зәру тақырыптарды талқылауға  қатысып отырыңыздар демекпін.  Сіздердің   өтініштеріңіз  назардан тыс қалмайды.

Құрметпен,

Трансфузиология  ғылыми-өндірістік  орталығының  директоры

 Жандос Бүркітбаев

 

Жандос Бүркітбаев
Трансфузиология ғылыми-өндірістік
орталығының директоры