Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Астана қаласында 14 маусым күні Дүниежүзілік донор күніне арналған акция өтеді.

«Басқаларды да ойла. Қан тапсыр. Өмір сыйла!» деген  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  ұранымен Астана қаласында 14 маусым күні Дүниежүзілік донор күніне арналған акция өтеді.

Іс – шара адам өміріне күн сайын араша түсетін донорларға алғыс айту және қоғамда ерікті өтеусіз донорлықтың идеялары мен принциптерін дәріптеу үшін ұйымдастырылады. Барлық келген адамдар акцияға қатысып, қан тапсыра алады.

Өтетін орны: Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы

Күні мен уақыты: 2018 жылғы 14 маусым, сағат 10-00-де;

Іс – шара ұйымдастырушылары: Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, «Нұр Отан» ХДП, «Алқалы Кеңес» корпоративтік қоры және «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Қазақстандағы Қызыл жарты ай қоғамы.