Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Казахстанда Дүниежүзілік сүйек кемігі донорының күні өтті

2018 жылғы 15 қыркүйек күні Mega Silk Way ОССО Дүниежүзілік қан донорының күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

2015 жылдан бастап Дүниежүзілік сүйек кемігі донорының күні қыркүйек айының үшінші сенбісінде тойланады, оны ұсынған 60 мемлекетінен шамамен 30 миллион гемопоэздік дің жасушалары донорын біріктіретін Сүйек кемігі донорларының дүниежүзілік қауымдастығы (World Marrow Donor Association). Биылғы жылы ол 15-ші қыркүйек күніне түсті.

Әлем бойынша осы күні қоғам назарын донорлық міндетіне аударуға бағытталған іс-шаралар жыл сайын өтеді. Бұл күні донорларға, сүйек кемігінің донорлығына байланысты дәрігерлерге, мамандарға алғыс айтады.

Дүниежүзілік донор күні сүйек кемігіндегі қан өндірім дің жасушалары донорларының маңыздылығын есте сақтау үшін ұсйымдастырылды. Өйткені, лейкоздар, лимфа жүйесінің зақымдануы тәрізді онкогематологиялық ауруларға шалдыққан, сондай-ақ апластикалық анемия мен қанның тұқым қуалаған кемшіліктерінде науқастарды құтқарудың жалғыз амалы болатыны жиі кездесетін жайт.

Қан тапсыру  — яғни біреуге өмір сыйлау. Бұны әрқайсымыздың білгені және есте сақтағаны жөн.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі – Петухова Надежда Михайловна, астаналық клиникалардағы трансплантология бөлімдерінің дәрігерлері, тіркелім қызметкерлері, дің жасушаларын тапсырған донорлар, әлеуетті донорлар, донорлық қозғалыстың белсенділері, ерікті өтеусіз донорлықты дамытуға қатысатын қайырымдылық ұйымдарының өкілдері және т.б. қатысты.

Іс-шараның шеңберінде донорлар, донорлық қозғалыстың белсенділері, ерікті өтеусіз донорлықты дамытуға белсене қатысатын ұйым басшылары марапатталды.

Сүйек кемігінің донорлығын дамытуға қосқан үлесі үшін мынадай адамдарға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді:

  • Алексютина Галина Николаевна
  • Марина Чейшвили
  • Чернорай Светлана Вальеревна
  • ҚР СК корпоративті донорлығын насихаттағаны үшін «Каздом жылжымайтын мүлік агенттігінің» директоры Шуренов Серик Ерсаинович.
  • «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» бірлестігінің президенті Ясылов Ермек Амангазынович.
  • «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» бірлестігінің вице-президенті Петухова Надежда Михайловна
  • Mega Silk Way ОССО директоры Тюребаев Канат Слямбекович,
  • Қаз ӨУ өкілі Шуренова Алмагуль Токеновна.

Іс-шараның шеңберінде Сүйек кемігі әлеуетті донорларының ұлттық тіркеліміне тағы 15 адам қосылды! Осы адамдардың әрқайсысы басқа адамға өмірге үміт сыйлай алады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, MEGA Silk Way ОССО, Еуразиялық медициналық қауымдастығы.