АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ № 6 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА «МЕН -ДОНОРМЫН» АТТЫ ДОНОРЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Бүгін 2019 жылдың 18 қаңтарында Астана қаласынының № 6 мектеп-гимназиясында донорлық акция өтті.

Қазіргі медициналық көмек түрлерінің ішінде қан құю арқылы көрсетілетін қызмет бірден бірі халықтың қолдауына мұқтаж. Өйткені әзірше донорлық қанның жалғыз көзі – адам болып табылады.

Республикалық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, жоғары және орта арнайы оқу орындары, қоғамдық ұйымдардың қолдауымен Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы жыл бойы донорлық акцияларды өткізіп отырады.

Донорлық қозғалысты дамытуға Астана қаласының білім басқармасына қарасты қала мектептерінің педагогикалық ұжымдары да өз үлесін қосуда. Осындай іс-шаралардың бірі бүгін №6 мектеп-гимназиясында өтті.

Күннің бірінші жартысында барлығы 45 адам, оның ішінде ұстаздар мен мектеп оқушыларының ата-аналары ерікті түрде қан доноры болуға ниет білдірді.

Анықтама үшін: Ерікті қан доноры болуға ниеттеген, АИТК-инфекциясы мен вирустық гепатиті жоқ, жасы 18-ге толған және салмағы 50 килограммнан жоғары кез келген адам донор бола алады. Өзіңізбе бірге жеке куәлігінің болғаны міндетті шарт.

Әр донордан алынған қан АИТВ, В және С гепатитінің бар-жоғын анықтау үшін тестілерден өткізіледі. Тест нәтижелері тек донордың өзіне және құпия түрде жеткізіледі. Донор болу – салауатты өмір салтын сақтау, қан тапсыру – адам өміріне араша түсу! – дегенді білдіреді