«Қан өмір үшін судай қажет»

11 ақпан күні Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімі Астана қаласындағы №14 орта мектебінің оқушыларының назарына «Қан өмір үшін-судай қажет» атты презентациясын өткізді.

Акцияға 10-11 сыныптардың 60 оқушысы қатысты. Жас өспірім донорлық мәдениетін не құрлым ерте игерген жағдайда өзі 18 жасқа толғанда донор болатынында немесе туыстарының, достарының және таныстарының арасында донорлықты насихаттауға өз үлесін қосатынына еш күмәніміз жоқ. Адамның көптеген маңызды мәселелер бойынша азаматтық ұстанымын қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері болашақ донорлар – жас жеткіншектерге қан туралы, оның адам ағзасындағы рөлі және маңыздылығы туралы дәріс өткізуде. Сонымен қатар жалпы ерікті өтеусіз донорлық, қайырымдылық, донордың қан құюға мұқтаж адамға қалай көмектесе алатыны, қан тапсырудың донор үшін қаншалықты қауіпсіз және пайдалы екендігін түсіндіріп, насихаттау жұмыстарын жүргізгеніне биыл үш болды.

Іс-шара соңында «сұрақ-жауап» түрінде өткізілген викторинаның нәтижесі бойынша аталмыш тақырып оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы болды. Өткізілген викторина барысында белсенділік танытқан оқушыларға Трансфузиология орталығы атынан сыйлықтар ұсынылды және де олар Орталыққа келіп, қанды алған процессін өз көзімен көруге ниет білдірді.