ҚР ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДОНОРЛАР ҚАТАРЫН ТОЛТЫРДЫ

Бүгін 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында ерікті өтеусіз донорлық акция өтті. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі бригадасының құрамында дәрігер-терапевт, зертхана қызметкерлері жұмыс істеді. Экскурсоводтар, бөлім және қызмет басшылары, техперсонал, қауіпсіздік қызметі және басқа да құрылымдық бөлімшелердің 49 адамы шамамен 22 литр қан тапсырды. Олардың барлығы тегін медициналық тексеруден өтті, оның ішінде терапевт, қан талдауы, қан тобын және резус-факторды анықтау. Донацияға жіберілгендердің ешқайсысы қан берілгеннен кейін нашар жай-күйіне шағымданған жоқ. Медициналық шеттету бойынша донациялауға қан қысымы жоғары, гемоглобин деңгейі төмен және дене салмағы ақ қызметкерлер жіберілген жоқ. Олардың орташа жасы 20-25 жасты құрайды.

мұражайының медицина қызметкері Алуа Шолпанқұлова хабарлағандай, – донорлық акция алдында үлкен ағартушылық жұмыс жүргізілді. Қызметкерлерге донорлықтың пайдасы туралы ақпарат жеткізілді. Мұндай жұмыс формасы қызметкерлердің келуінде маңызды рөл атқарды.