Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Бүгін, 20 қаңтарда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталықта «Қан қызметінің біріңғай қаржыландыру жүйесі» тақырыбында жиналыс өтті

Жиналысқа аймақтағы қан ортылықтарының басшылары, экономисттері және басқа да қызметкерлері қатысты.

Жиналысты Қазақстан Республикасының бас трансфузиологы Жандос Бүркітбаев аша отырып «Міндетті медицина сақтандыру жүйесін енгізгеннен кейін қан компоненттерінің ортақ тарифін қолданыға байланысты қаржыландыруда өзгерістер болатынын» айта кетті.

Сонымен қатар, қан қызметінің 2016 жылғы атқарылған жұмыстарын талқылай отырып 2017 жылға басты бағдарларын жоспарлады.

Жиналыс қатысушыларына қан компоненттерінің және қан орталықтарының қызметтерінің біріңғай мемлекеттік тарифтерді есептеу әдістеріне талқылау жасалынды. Сонымен қатар, оларга өндірілген қан компоненттерінің өзіндік құнын анықтау барысында нені ескеру қажеттілігі туралы түсінік берілді.

ТҒӨО директордың бірінші орынбасары Сания Абдрахманова «Шығыстарды тиімді пайдалану жоспарлары» жөнінде баяндама жасады.

«Донорлардың қанын бруцеллезге анықтаудағы рефференс зерттеулерін ұйымдастыру» тақырыбын Орталық директорының орынбасары Наталья Тарасова талқылап берді. Республикалық қан орталығының директоры Дилявер Бекиров Орталықтың өндірістік болжамдарына тоқталып өтті.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мамандары қатысушылардың барлық сұрақтарына терең жауап берді.