Референс зертханасы

Қан қызметінің Республикалық референс-зертханасы (ҚҚРРЗ) құрамына 2 бөлім кіреді:

1) трансфузиялық инфекцияларды зертханалық зерттеу бөлімшесі (ТИЗЗБ);

2) қанды иммунобиологиялық және клиникалық-биологиялық зерттеу бөлімшесі (ҚИГКБЗБ).

Зертхана Roche (Швейцария), ABBOTT (АҚШ), Johnson&Johnson (АҚШ), BIO-RAD (АҚШ), Biosystems (Испания) өндірісінің заманауи автоматты анализаторларымен жабдықталған.

Зертхана қызметкерлері алыс және таяу шетелде (АҚШ, Польша, Израиль, Ресей) тұрақты түрде біліктілігін арттырады.

Зертхана қызметкерлерінің иммуногематологиялық зерттеулер жүргізуде үлкен тәжірибесі бар. Қан тобына зертханалық зерттеулер қан орталығы ашылған сәттен бастап жүргізіледі (1966 жылдан бастап). Трансфузиялық (қан арқылы берілетін) инфекциялардың диагностикасы ИФТ әдісімен зертханада 1988 жылдан бастап жүргізіледі. Осы инфекциялардың ПТР-диагностикасы 2010 жылдан бастап жүргізіледі.

Зертхана ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапасы мен біліктілігіне қойылатын талаптар».

Зертханалық зерттеулердің сапасын бақылау мақсатында зертхана Riqas (Ирландия), EQAS BIO-RAD (АҚШ) сапаны сырттай бағалау бағдарламаларына, сапаны сырттай бағалауға арналған итальяндық бағдарлама (итальяндық ұлттық қан орталығы (CNS) және иммунобиологиялық қоспаларды зерттеу және бағалау жөніндегі ұлттық орталығы (CRIVIB) қатысады.

Донорлар қанының мұрағаттық үлгілері Еуропаның беделді зертханаларында трансфузиялық инфекциялар диагностикасының сапасына тексеріледі:

Лондон қаласының ұлттық трансфузиологиялық референс – зертханасы (Ұлыбритания);

Цюрих қаласының Қан орталығы  (Швейцария);

Германияның федералдық денсаулық сақтау министрлігінің Пауль Эрлиха неміс институты, Ланген қаласы;

Франкфурт на Майне қаласындағы (Германия) неміс Қызыл Крест қоғамының Трансфузиялық медицина және иммуногематология институты.

Мыналар зертхана міндеттері болып табылады:

1) донорлық қанды адамның иммунтапшылығы вирусының бұдан әрі – АИТВ), В гепатитінің вирусы (бұдан әрі – ВГВ), С гепатитінің вирусы (бұдан әрі – СГВ), мерездің бар-жоғын иммунохемилюминесценттік (ИХЛТ) талдау және полимеразды-тізбекті реакция (ПТР) зерттеу;

2) иммуногематологиялық зерттеулер:

донорлардың қан тобын эритроциттік антигендердің (АВ0, Резус, Келл) негізгі жүйелері бойынша анықтау;

антиэритроциттік антиденелерді анықтау;

3) қан донорларын клиникалық-биохимиялық зерттеу;

4) даулы және диагностикалық күрделі жағдайларда сараптамалық зертханалық зерттеулерді жүргізу;

5) қан орталықтарының зертханаларына, трансфузиология кабинеттеріне ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету;

6) ҚР қан орталықтары зертханаларының жұмысының сапасына бақылау жүргізу және ұйымдастыру бағдарламаларына қатысу.

Сапа кепілдігі

Талдауларды сапалы орындағаны диагнозды дұрыс қою және емдеу үшін өте маңызды. Талдау нақтылығы зертхана сапасына ғана емес, қан алудың дұрыстығына, оны сақтау мен тасымалдау жағдайына байланысты болады.

Біз процестің барлық кезеңін мұқият бақылаймыз, сондықтан нәтижелерге сенімді бола аласыз.

Егер Сіз мерез, В және С гепатиттері, АИТВ талдауларын бізде тапсыруды шешсеңіз, қан алу үшін бір реет қана пайдаланылатын жүйелер пайдаланылатынына сенімді бола аласыз. Процедура жылдам, ауырсынусыз және қауіпсіз болады. Зертханада әр пробиркаға бірегей код беріледі, ол биоматериалды нақты сәйкестендіруге және адами факторға байланысты кездейсоқ жағдайларды: қателіктер, жоғалту, шатастыру және т.б. болдырмайды.

Автоматты талдауыштар мен сертификатталған материалдарды пайдалану жүргізілетін тесттердің сапасын айқындайды. Толық автоматтандырылған аналитикалық жүйелер сынамаларға нақты автоматы іріктеуді жүргізеді, қажетті реагенттер қосуды, қажетті реакциялар жүргізуді және нәтиже анықтауды бақылайды. Осы жүйе кез-келген автоматы жүйе тәрізді «адами» фактордың әсерін және қателесу мүмкіндігін болдырмайды, зерттеу нақтылығын арттырады.

Зертханада зерттеулер сапасын бақылаудың көп деңгейлі бағдарламасы пайдаланылады:

  • биоматериалды алу жүзеге асырылатын, тасымалдау мен сақтау қамтамасыз етілетін биоматериалды алу жүргізілетін аналитика алдындағы кезеңді сақтауды міндетті бақылау;
  • сапаны биоматериал талдауларының барлық кезеңдерінде стандарттарды пайдалану арқылы күнделікті ішкі бақылау. Талдауыштарға автоматы калибрлеу жүргізіледі, мамандар жұмыс алдында оларды күн сайт тексереді.
  • Зертханадағы жұмыстың барлық процесі: биологиялық материалды алғанна бастап зерттеу нәтижедлерін бергенге дейін толық автоматталған.
  • Зертханада жоғары мамандандырылған мамандар жұмыс істейді.

Талдауларды кез-келген күні (демалыс және мерекелік күндерін қосқанда) сағат 9-00-17-00-ге дейін тапсыруға болады. Талдау нәтижелері келесі күні беріледі.

Пациентті зертханалық зерттеулер үшін қан алуға дайындау тәртібі

Биохимиялық, клиникалық және иммуногематологиялық зерттеулер, В гепатиті, С гепатиті, АИТВ, мерез (ИХЛТ/ИФТ, ПТР) инфекциялық ауруларының маркерлері.

  • Қан алудан 24 сағат бұрын тамақ рационын өзгертуге болмайды, алкогольді ішпегені жөн.
  • Қан аш қарынға алынады (соңғы тамақтанудан кейін кемінде 8 сағат өтті). Тамақтанудан (майлы емес) кейін 3 сағат өткен кезде ИХЛТ жасауға жол беріледі. Су ішу қан көрсеткіштеріне әсер етпейді.
  • Дәрумендер, ББҚ, дәрілерді (өмірлік қажеттілігі жоқ болса) қабылдауға тыйым салынады, өйткені олар талдаулар нәтижелеріне әсер ете алады. Дәрілерден бас тарту уақыты препараттың қаннан шығу мерзіміне байланысты болады. Дәрілерден қабылдаудан бас тарту мүмкін болмаған жағдайда, зертхананы бұл туралы хабардар ету керек.
  • Зерттеу алдында физикалық жүктемеден, эмоциялық күйзелістен, монша мен хауыздан бас тару керек.
  • Зертеу алдындағы 1 сағат бойы темекі шегуге болмайды.
  • Зертханаға келгеннен кейін 10-20 минут демалғаны (отыру) дұрыс.
  • Егер емдеу барысында талдауларды қайта тапсыру қажет болса, оны тәуліктің бір уақытында жасағаны дұрыс.
  • Процедураларды – рентген, УДЗ, дәрі егу, физиотерапиялық рәсімдерді талдаулардан кейін жасау керек.
  • Егер жалпы қан талдауын ауыру немесе жағдайдың нашарлануына байланысты тапсыру керек болса, соңғы тамақтану уақыты қан тапсырудан кемінде 2 сағат бұрын болғаны жөн.

 

Ақылы негізде ұсынылатын қызметтер түрі:

Трансфузиялық инфекцияларға зерттеу (ИХЛТ, ПТР)

В вирустық гепатиті

В вирустық гепатиті  (ВВГ) – түрлі клиникалық нұсқада өтетін клиникалық ауру (белгілерсіз тасымылдаудан бастап бауыр паренхимасының деструкциясына дейін). Жұқтыру үшін жеткілікті вирустың шоығрлануы науқастың биологиялық сұйықтықтарында ғана.

ВГВ берілу жолдары:

-парентералды (қан, шприц, инелер, кесетін заттар және т..б);

-контактілік (жыныстық);

-вертикалды (анадан балаға).

ВГВ диагностикалау үшін инфекциялардың серологиялық маркерлері пайдаланылады. Бауыр ферменттерінің деңгйі көтерілгенге дейін инкубациялық мерзімде пайда болатын ең ерте маркері – HbsAg (В гепатиті вирусының үстірт антигені немесе «австралиялық антиген») – ВГВ негізгі ақпараттық маркері болып табыалды. В гепатиті вирусының геномы полимеразды-тізбекті реакция (ПТР) әдісімен анықталады.

Зертханада HBsAg бар-жоғына зерттеу Architect автоматты модульдік талдағышында, ABBOTT (АҚШ), иммунохемилюминесценттік талдау (ИХЛТ) әдісімен жүргізіледі.

В гепатиті вирусын молекулалық-генетикалық диагностикалау ПТР әдісімен жүргізіледі:

– ДНК ВГВ гепатитінң вирусына арналған сандық референс ПТР-тест (Ampliprep, TaqMan 48, Швейцария) қандағы вирустың шоғырлануын анықтауға мүмкіндік береді. Тест сезімталдығы 9 МЕ/мл (40 көшірме/мл). аталған тестіні оң сападлы ПТР жасау ұсынылады;

– адамның иммунтапшылығы вирусының (АИТВ-1,2), С гепатитінің вирусы, В гепатитінің вирусы (М және О топтарындағы РНК АИТВ, , РНК ВГС және ДНК ВГВ бар-жоғын бір уақытта анықтауға арналған ПТР (сапалы). Бұл зерттеу бір реакцияда АИТВ-1,2, С гепатитінің вирусы, В гепатитінің вирусы геномдарын анықтауға мүмкіндік береді. Тест сезімталдығы: РНК АИТВ-1 – 18,3 көшірме/мл, ДНК ВГВ – 17,1 көшірме/мл, РНК ВГС – 27,5 көшірме/мл.Реакция Cobas S-201, Cobas-6800 Roche, Швейцария автоматты ПТР-жүйесінде жүргізіледі. Жасау пулда (6 адамның қаны бір уақытта зерттеледі) және жеке жүргізіледі.

С вирустық гепатиті

С вирустық гепатиті (ВГС) – бауырдың инфекциялық ауруы. Көптеген жағдайда С гепатиті сыры түссіз, белгілері аз болып басталады. Осыған орай, ол бірнеше жылдар бойы диагностикаанбай, бауыр тіндерінще цирроз дамығанда немесе гепатоцеллюлярлық обырға қатерлі трансформациялау болғанда анықталады.

ВГС беру жолдары:

– парентералды (қан, шприц, инелер, кесетін заттар және т.б.);

-контактілік (жыныстық);

-вертикалды (анадан балаға).

ВГС вирусын анықтау үшін қанда С гепатиті вирусының (а-ВГС) бар жоғын анықтауды пайдаланады.

Зертханада а-ВГС бар-жоғына серологиялық зерттеу Architect, ABBOTT (АҚШ) автоматы модульдік талдауышында иммунохемилюминесценттік  талдау әдісімен (ИХЛТ) жүргізіледі

С гепатиті вирусы антиденелерінің бар-жоғына растау тесті ретінде зертханада иммуноблот (Innogenetics, Бельгия) жасауды жүргізеді.

С гепатитінің ПТР-диагностикасы:

– РНК ВГСвирусына арналған Ссандық референс ПЦР-тест (Ampliprep, TaqMan 48, Швейцария) вирустың қандағы шоғырлнуын анықтауға мүмкіндік береді. Тест сезімталдығы 15 МЕ/мл (37 көшірме/мл). Осы тестті ПТР сапалы болған кезде жасау ұсынылады. ;

– адамның иммунтапшылығы вирусының (АИТВ-1,2), С гепатитінің вирусы, В гепатитінің вирусы (М және О топтарындағы РНК АИТВ, , РНК ВГС және ДНК ВГВ бар-жоғын бір уақытта анықтауға арналған ПТР (сапалы). Бұл зерттеу бір реакцияда АИТВ-1,2, С гепатитінің вирусы, В гепатитінің вирусы геномдарын анықтауға мүмкіндік береді. Тест сезімталдығы: РНК АИТВ-1 – 18,3 көшірме/мл, ДНК ВГВ – 17,1 көшірме/мл, РНК ВГС – 27,5 көшірме/мл.Реакция Cobas S-201, Cobas-6800 Roche, Швейцария автоматты ПТР-жүйесінде жүргізіледі. Жасау пулда (6адамның қаны бір уақытта зерттеледі) және жеке жүргізіледі.

АИТВ-инфекциясы

АИТВ-инфекциясы – иммундық қорғаныстың ісіктер мен инфекциялардан бәсендеуге әкелетін иммундық жүйесінің үдейіп келе жатқан вирустық ауруы. Адамдағы иммунитеттің төмендеуінен қайталама инфекциялық немесе ісік аурулары пайда болатын АИТВ-инфекциясының кезеңі жүре пайда болған иммун тапшылығы вирусы (ЖИТС) деп аталады.

Аурудың барлық кезеңіндегі инфекция жұқтырған адам ЖИТС жұқтырудың көзі болып табылады.

АИТВ-инфекциясының беру жолдары:

– парентералды (қан, АИТВ бар бар қанмен ластанған шприц, инелер, кесетін заттар және т.б.);

-контактілік (жыныстық);

-вертикалды (анадан балаға).

Зертханамызда АИТВ серологиялық диагностикалау үшін бір уақытта антиген – ақуыз р-24 (АИТВ-1) және  АИТВ 1,2 антиденелерін анықтайтын IV буындағы реагенттерді пайдаланады. Осы буындағы реагенттер АИТВ ерте диагностикалау үшін арнайы әзірленген. АИТВ 1,2 антигена/антиденелер бар-жоғын зертттеу Architect, ABBOTT (АҚШ) автоматы модульдік талдауышында иммунохемилюминесценттік  талдау әдісімен (ИХЛТ) жүргізіледі.

АИТВ молекулалық-генетикалық диагностикалау ПТР әдісімен жүргізіледі:

– адамның иммунтапшылығы вирусының (АИТВ-1,2), С гепатитінің вирусы, В гепатитінің вирусы (М және О топтарындағы РНК АИТВ, , РНК ВГС және ДНК ВГВ бар-жоғын бір уақытта анықтауға арналған ПТР (сапалы). Бұл зерттеу бір реакцияда АИТВ-1,2, С гепатитінің вирусы, В гепатитінің вирусы геномдарын анықтауға мүмкіндік береді. Тест сезімталдығы: РНК АИТВ-1 – 18,3 көшірме/мл, ДНК ВГВ – 17,1 көшірме/мл, РНК ВГС – 27,5 көшірме/мл.Реакция Cobas S-201, Cobas-6800 Roche, Швейцария автоматты ПТР-жүйесінде жүргізіледі. Жасау пулда (6 адамның қаны бір уақытта зерттеледі) және жеке жүргізіледі.

Мерез

Мерез – тері, шырышты қабақтар, ішкі ағзалар, сүйек, нерв жүйесі зақымданатын созылмалы венерологиялық инфекциялық ауруы.

Бозғылт трепонема мерез қоздырғышы болып табылады.

Мерезді жұқтырып алу көзі – адам.

Мерездің берілу жолдары:

– парентералды (қан, шприц, инелер, кесетін заттар және т.б.);

-контактілік (жыныстық);

-вертикалды (анадан балаға).

Вирусты диагностикалау үшін зертханамызда мерез қоздырғышына М және G класындағы антиденелерді бір уақытта анықтайтын реагенттер пайдаланылады. Осы реагенттер жұқтыру сәтінен бастап қысқа мерзімнің ішінде инфекция анықтауға мүмкіндік береді.

Мерез қоздырғышы антиденелерінің бар-жоғына зерттеу Architect, ABBOTT (АҚШ) автоматы модульдік талдауышында иммунохемилюминесценттік  талдау әдісімен (ИХЛТ) жүргізіледі.

Иммуногематологиялық зерттеулер (қан тобын анықтау)

  • Қан тобы мен резус-факторрды микробағаналы әдіспен анықтау.

Қанның 4 тобы бар (I-0, II-A, III-B, IV-AB). Қан тобы – қан эритроциттеріндегі ақуыздармен (антигендер) сипатталады. Зертханамызда қан тобы агглютинация әдісімен жасалады. Сондай-ақ бұл әдіс даулы және диагностикалық күрделі жағдайларда қан тобын растау үшін пайдаланылады.

  • Микробағаналық әдіспен антиэритроциттік антиденелер скрингі

Адамда қалыпты жағдайда антиэритроциттік антиденелер анықталмайды. Олар басқа топтық жүктілік кезеңінде анықталуы мүмкін. Антиэритроциттік антиденелер скринингін:

  • жаңа туылған сәбилер мен ұрықтың гемолитикалық ауруын диагностикалау үшін эритроциттер антигендері бойынша ұрықпен иммунологиялық шиеленусуді анықтау жүкті әйелдерде үшін;
  • дайындалған компоненттерде реципиент эритроциттерінің гемолизін тудыра алатын дайындалған гемокомпоненттері үшін донорларда;
  • сәйкес келмейтін қан тобын құймас ұщін гемотрансфузия алдында реципиенттерге жүргізіледі.
  • Гельдік серология әдісімен антиэритроциттік антиденелер титрін анықтау антиэритроциттік антиденелер скринингінің оң нәтижесінде жүргізеді. Осы зерттеулер ұрық пен сәбидің гемолиздік ауруларын профилактикалау мен диагностикалауда өте маңызды.
  • Фенотипті микробағаналы әдіспен анықтау

Эритроциттердің сирек антигендерін анықтау  (C, c, E.e). Сенсалибизацияланған науқастарға қан құю үшін үйлесімді қан гемокомпоненттерін жеке іріктеуде өте маңызды.

  • IgG1-IgG3 кіші класының антиэритроциттік антиденелерін анықтау.

G класының иммуноглобулиндеріне жататын антиэритроциттік антиденелер ұрық пен сәбидің гемолиздік ауруын дамытуды өте маңызды, олар плаценталық кедергі арқылы ұрық қанына өтіп, эритроциттерді бұзады. IgG 4 кіші кластан тұрады: IgG1, IgG2, IgG3, IgG4. IgG3 және IgG1 класының иммуноглобулиндері ұрық эритроциттері үшін өте қауіпті. Сәбилердің гемолиздік ауруын профилактикалау мен ағымын болжамдауда осы иммуноглобулиндерді анықтағаны маңызды.

  • Кумбс сынамасын жүргізу гемолиздік анемияны дифференциалды диагностикалауға арналған
  • АВО жүйесінің табиғи және иммундық антиэритроциттік антиденелер жүйесінің титрін анықтау.

Зерттеудің осы түрі трансплантант пен қожайын ағзасының үйлесімділігін анықтау .шін басқа топтағы ағзаларды транспланттауда қажетті.

  • Гемокомпоненттерді медицналық ұйымдар үшін жеке іріктеу

Донор мен реципиент қанының клиникалық мәні бар эритроциттер антигендері мен олардың жүйелері, фенотипі бойынша үйлесімділікті анықтау үшін жүргізіледі.

Жалпыклиникалық зерттеулер

Жалпы қан талдауы

Жалпы қан талдауы — ауруларды диагностикалаудың жылдам және ақпараттық әдістерінің бірі. Осы зертханалық зерттеу барлық қан жасушаларын (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)  есептеуді, лейкоциттік формуланы, гемоглобин деңгейін өлшеуді, жасушалық массаның плазмаға сәйкестігін (гематокрит) анықтауды, СОЭ қамтиды. Жалпы қан талдауы көптеген ауруларда және профилактикалық тексерулерде жүргізіледі.

Жалпы несеп талдауы (несептің клиникалық талдауы)

Жалпы несеп талдауы (несептің клиникалық талдауы) – несептік физикалық-химиялық сипаттамаларын бағалауға және тұңба микроскопиясын амбулаториялық зерттеу. Несеп түсі, оның мөлдірлігі, меншікті салмағы, қышқылдығы (рН). Несепте ақуыз, глюкоза, билирубин, уробилиноген, кетон денелері, нитриттер, гемоглобинді анықтайды. Несеп тұңбасында эритроциттер, лейкоциттерді анықтайды:

  • бүйрек ауруларын диагностикалау үшін: нефриттер, нефросклероз,  амилоидоза, несеп-тас ауруы, ісіктер;
  • пиелонефритті, несеп-тас, қуықалды без ауруларын диагностикалау үшін;
  • аурулардың ерте белгілерін анықтау үшін, сондықтан несеп талдауы профилактикалық тексеріп-қарауда тағайындалады.
Сухарев әдісімен қан ұю уақытын анықтау

Сухарев әдісі бойынша қан талдау қанның ұю уақытының жылдамдығын анықтау әдістерінің бірі ретінде пайдаланылады. Организмнің өзін апат, жарақат, немесе ішкі қан кету кезінде қан жоғалтудан тиімді қорғау қабілеттілігін көрсетеді. Қан ұю уақытының сапасы мен жылдамдығы адамның эндокрин және нерв жүйелерінің қызметіне байланысты. Егер талдау сынама нәтижелеріндегі ауытқуларды көрсететін болса, бұл осы жүйе жұмысындағы ақаулар немесе оған байланысты аурулар бар екенін көрсетеді. Осы талдау коагулограмманың құрамдас бөлігі болып табылады, ол гемостазды – қанның жалпы ұю көрінісін бағалау үшін тағайындалады