Қайта даярлау және біліктілікті арттыру циклдер

ТҒӨО миссиясы:

Қазақстан Республикасының халқына көрсетілетін қан қызметі жұмысының сапасын жақсарту үшін қан донорлығын, медициналық технологияларды, кәсіптік әлеуетті және трансфузиялық медицина саласындағы қолданбалы зерттеулерді дамыту.

Пайымы: өндірістік және клиникалық практиканы жетілдіру жолымен республикадағы трансфузиялық медицинаны үнемі жетілдіру.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (бұдан әрі – ТҒӨО) персонал мен мүдделі тұлғаларды қатыстыра отырып, әкімшілік әзірлеген миссиясы мен мақсатттары ұйым қызметінің бағытын жоспарлау және анықтау үшін негіз болады. ТҒӨО миссиясы мен мақсаттары 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарда құжатталады, мұнда қызметті жүзеге асыруға арналған ұзақ мерзімді мақсаттар, міндеттер мазмұндалады.

ТҒӨО білім беру бағытының миссиясы денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық қызметкерлердің үздіксіз кәсіптік даму қажеттілігін трансфузиология және зертханалық диагностика мәселелері бойынша қосымша білім беру жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жолымен қанағаттандыруға бағытталған.

Мыналар білім беру бағытының мақсаттары болып табылады: (1) қоғам талаптарын қанағаттандыру үшін қан қызметі мамандарының біліктілік деңгейін сақтап қалу; (2) жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру; (3) инновациялық технологияларды пайдалана отырып, оқыту.

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК қосымша білім беру саласындағы медициналық мамандарға арналған

АҚПАРАТ

 

Мынадай мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі:

 

Трансфузиология

Клиникалық зертханалық диагностика

Зертханалық диагностика

Мейіргерлік іс

 

 

   Қайта даярлау және біліктілігін арттыру үздіксіз білім берудің негізгі нысандары болып табылады.

 

  ҚАЙТА ДАЯРЛАУ  – басқа медициналық мамандықты игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;

– Қайта даярлауға арналған оқыту ұзақтығы – 864 сағат (16 апта).         

  

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – бұрын алынған кәсіби білім, дағдыларды сақтауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;

– Біліктілікті арттырудың оқыту ұзақтығы:

54 сағат – 1 апта; 108 сағат – 2 апта; 162 сағат – 3 апта; 216 сағат – 4 апта;

Біліктілікті арттырудан өткеннен кейін куәлік беріледі;

Қайта даярлаудан өткенде – қайта даярлау туралы куәлік беріледі.

Мамандарды даярлауға арналған ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

Мамандарды даярлауға арналған ҚОСЫМША АҚПАРАТ:

 

 

Тыңдаушыға арналған ЖАДЫНАМА

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының оқытушылары, қызметкерлері мен зертханалары туралы қосымша ақпаратты білгіңіз келсе сайттан «Орталық туралы» → (Ұйымдастырушылық құрылымы) қараңыз.

Оқуға жіберу үшін шін тыңдаушыларға жолдама ресімделеді (сұраныс бойынша).

 

Байланыс телефоны: +7(7172) 57-04-33 (ішкі 177)

E–mail: transfuziologiya.npct@mail.ru