Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Біздің қанымыз бір» атты акциясы

Күні: 2013 жылғы 3 және 4 мамыр.

Басталуы: 09:00.

3 және 4 мамырда Орталығымызда өтеусіз донорлықты дамытуға бағытталған «Біздің қанымыз бір» атты акциясы қайтадан өтеді. Осы акция шеңберіндегі алғаш іс-шара өткен жылдың қараша айында болғанын есіңізге түсіреміз. Биылғы жылдың қаңтар айының соңында екінші рет жүргізілген акцияға, бірінші акцияға қарағанда көбірек адам қатысып, қанды өтеусіз тапсыруға келді. Қанды өтеусіз тапсыруға уақыт тапқан адамдарға Трансфузиология орталығы қызметкерлерінің атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Олардың арқасында талай баланың өмірі құтқарылды. Қан тапсыру қарсы көрсетілім болып табылмайтын қала тұрғындарын акциямызды қолдап, өтеусіз қан донорларының қатарына қосылуға шақырамыз.

Акцияны ұйымдастырушылар: ТҒӨО, «Өмір тамшысы» ҚБ, Рустем Итемиров жеке кәсіпкері «Игілік жаса» ҚҚ.