Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қан және оның компоненттерін донациялау түрлері, донорлықтың оңтайлы жақтары

Қан донорлығы (латын тілінен donare – сыйлау) – қанға мұқтаж ауру адамдарға немесе медициналық препараттар алуға өз қанын, немесе компоненттерін ерікті түрде беруі. Қан және оның компоненттері донорлығы тақырыбын әйгілі етудің өзектілігі; жеке тұлға мен қан донорлығы қауіпсіздігі мәселелерінің өзара байланысы; қан донорларының қауіпсіздігі қоршаған әлемдегі қауіптің өсуіне де негізделеді, сәйкесінше, содан зардап шеккендер саны да өседі. Қауіптер классификациясы табиғи, техногенді, әлеуметтік сипаттағы қаіуптер. Қауіпті жағдайлардың салдары, ғимараттардың материалдық бұзылуы, ауыл шаруашылығына, қоршаған ортаға, сондай ақ, адамның физикалық және психикалық денсаулығына түскен шығын болуы мүмкін. Соңғы уақытта адамдардың қауіпті жағдайлардан қанды көп жоғалту жарақаттарымен қауіпті жағдайлар жиілеп кетті. Мұндай жағдайларда әртүрлі деңгейдегі адамдарға көмек көрсету, мемлекетте артық қан донорлығының болуымен анықталады.

Тамырдан тұтас қан беру кезінде донордан «450 мл ± 10 %» тұтас қан алынады. Барлық шара 10-15 минут уақыт алады. Қазіргі уақытта тұтас қан құю орнына оның компоненттерін қолданады: плазманы, эритроциттерді, тромбоциттерді. Тромбоциттер мен плазманы тапсыру көбірек уақыт алады (бір жарым сағатқа дейін – тромбоциттер тапсыру, отыз минуттай – плазма тапсыру): шара барысында донордан тұтас қан алынады, одан қажетті компонент алынады, қалған қан қайтадан донорға қайтарылады. Қан алынғаннан кейін дереу компоненттерге бөлінеді (плазмаға, эритроциттерге, тромбоциттерге) және инфекцияларға тексеріледі. Егер донорлық қанда ешқандай инфекция анықталмаса, әр компоненттің сақталу мерзімін қатаң сақтай отырып, одан әрі қажет болуына байланысты қан компоненттерін қолданады.

Қан тапсырғаннан кейін организмді қалыпқа келтіру үшін, донор екі күн ішінде толыққанды және тұрақты тамақтану қажет, күніне 1-2 литр сұйықтық ішуі қажет. Қан доноры рационында қандағы гемоглобин деңгейіне байланысты ақуыз болу қажет.

«Игі іс» орындаудан басқа – қан және оның компоненттерінің донорлығы қажет ететін адамдарға атап өту керек , сондай ақ донордың денсаулығы үшін де пайдалы. Әсіресе, ағзаның алдын алу апаттар, жазатайым жағдайлар, күюлер, ауыр операциялар кезінде қанның аз жоғалуына себепші болады; қантүзілімін ынталандыру, ағзаның өздігінен жаңару есебінен жасарудың ұзаруы жүзеге асады; жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларының алдын алу, иммундық жүйе ауруларының, асқорыту бұзылуының, атеросклероздың, бауыр қызметінің, ұйқы безінің алдын алу; ағзадан қан және оның компоненттерінен артық заттарды шығару. Жоғарыда аталғандар қан және оның компоненттерін алу қантүзілім жүйесін – қызыл сүйек кемігі жасушаларын белсенді етеді, иммунитетті ынталандырады, жансызданатын эритроциттердің жойылуына қатысатын мүшелер: көкбауыр және бауыр әртүрлі салмақтардан арылу арқылы мүмкін бола алады.