Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қан тобының ашылу тарихы

Қан тобы ас қорыту және иммундық жүйелерінің мыңдаған жылдық эволюциясының белгілі кезеңі, ата-бабаларымыздың табиғаттың өзгеріп жатқан жағдайына бейімделудің қорытындысы болып табылады.

Польша ғалымы Людвиг Хирсцфельд ұсынған теориялардың біріне сәйкес барлық нәсілдегі ежелгі адамдардың қан тобы бірдей болған делінеді – бірінші О. Олардың ас қорыту жүйесі көбіне ет тағамдарын қорыту үшін бейімделген. Сондықтан бірінші қан тобындағы қазіргі адамдардағы асқазан сөлінің қышқылдық деңгейі басқаларға қарағанда жоғары болып табылады. Сонымен қоса, асқазанның ойық жара ауруы бірінші топтағы адамдарда жиі кездеседі. Қалған топтар ата-бабаларымыздағы «алғашқы қанның» мутациясы арқылы бөлінді.

Халық саны артқанан кейін және қорғаған орта өзгергеннен соң ет тағамын табу мүмкіндігі азая түсті. Өсімдік ақуызы адам үшін бірте-бірте энергия көзіне айналды. Нәтижесінде бұл «вегетариандық» екінші қан тобының А қалыптасуына әкелді. Халықтың Еуропаға қоңыс аударуы қазіргі таңда онда екінші қан тобындағы адамдардың басым болуының негізгі себебі болды. Осы қан тобындағы адамдар халық көп тұратын жерде өмір сүруге бейімделген.

Гималай тауының етегі, Қазіргі Индия және Пәкістан елдерінің аумағы үшінші қан тобындағы В генінің шыққан тегі болып саналады. Сүт өнімдерін пайдалана отырып, мал шауашылығын жүргізу тұрмысы ас қорыту жүйесінің кезекті эволюциясының алғы шарты болды. Ауа райының қатал жағдайы адамдарда шыдамдылық, алға ұмтылу және салмақтық сияқты қасиеттерін қалыптастырудың себепкері болды.

АВ төртінші топтағы қан тобы А және В гені тасымалдауыштарының араласу нәтижесінде пайда болды. Бүгінгі күні еуропалықтардың 6%-ы ғана осы қан тобын иемденген. Бұл топ АВО жүйесінде ең жас топ болып саналады. Аутоиммунды және аллергиялық ауруларға төзімділік танытатын жоғары иммунологиялық қорғанысы осы тобының айрықша қасиеті болып табылады. Азық-түлік және экологиялық антигендерінің (бактериялар, вирустар немесе өсімдіктер антигені) А және В антигендерінің гликопротейндеріне ұқсас келетін этотиптері бар деген версияның негізі бар.

Адамнан адамға алғашқы қан құюды акушерия және гинекология профессоры Дж. Бланделл (1819) жүзеге асырды. Ол қан кетудің салдарынан өмір мен өлімнің арасында тұрған босанған әйелге қан құйды. 1830 және 1832 жылдары мұндай операцияларды Ресейдегі акушер-педиатр С.Ф.Хотовицкий және акушер Г. С. Вольф жүргізді. Алайда қан құюдың барлығы сәтті аяқтала бермеген, науқастардың елеулі бөлігі себепсіз қаза болған. Медицина адам қанының үйлеспеушілік мәселесіне айрықша көңіл бөлді.

Іn vitro (пробиркада) қанмен жүргізілген көптеген сынаулардың және болжамды комбинацияларды бағалаудың нәтижесінде К. Ландштейнер барлық адамдарды қан қасиетіне орай үш топқа бөлуге болатынын белгіледі,

олар А, В және С (бұл топ кейінінен О тобы болып аталды және О антигенінің бар болуын белгілейді) деп аталды. Кейін 1902 жылы Ландштайнердің қызметкері А. Штурли А. фон Декастелломен бірге тағы да бір қан тобын ашты – АВ. Халықаралық ережелер бойынша қан тобын белгілеу үшін А, В, АВ және О әріптері ғана пайдаланылады.

1930-шы жылы Карл Ландштайнерге «адам қанының топтарын ашқаны үшін» физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы берілді.