Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Қан судай қажет»

11 ақпанда Астана қаласының № 14 мектебінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қоғаммен байланыс бөлімі жоғары сынып оқушыларына «Қан судай қажет» тақырыбындағы презентацияны өткізді.

Оған 10-11 сыныптың 60-тан астам оқушысы қатысты. Жасөспірімге донорлық МӘДЕНИЕТІ ерте түсіндірген кезде, ол 18 жасқа толғанда донор болу немесе туған-туысқандар, жақындары мен таныстары арасында донорлықты насихаттау әбден мүмкін. Адамда көптеген өмірлік мәселелер бойынша азаматтық ұстанымның қалыптасуы мектеп қабырғасынан басталады.

Үшінші жыл бойы Астана қаласы білім басқармасының қолдауымен Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері өскелең ұрпақ, болашақ донорлар, астаналық мектеп оқушыларымен кездесулер өткізеді. Мұнда қан, оның адам ағзасындағы маңызы мен рөлі туралы, жалпы донорлық және ерікті өтеусіз қан донорлығы туралы білім алады, кімдер донор бола алатыны, қан құюды қажет ететін адамға донор қалай көмектесе алады, қан тапсыру қаншалықты қауіпсіз және т.б. сұрақтарына жауап алады.

«Сұрақ-жауап» түрінде өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша осы тақырып ересек өмірге дайындалып жатқан жас тыңдаушылар үшін өте қызықты болды. Олар презентацияда көрсетілмеген сұрақтарға да жауап бере алды, мысалы: «Адамның қан тобы өзгереді ме?». Викторинада ерекше белсенділік танытқан оқушылар Трансфузиология орталығынан промоөніммен марапатталды және қан құю процесін көруге өз ниетін білдірді.