Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Мұражайдағы игі іс»

27 ақпан күні Астана қаласындағы  Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Донор күні өтті.

Осы аталмыш Республикалық деңгейдегі ең  ірі мәдени ошақтардың бірі  болып табылатын  мұражай  ұжымымының қатысуымен өткізілген   осымен төртінші  ерікті өтеусіз донорлар акциясы болып отыр.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының жылжымалы бригадасыкөрсеткен  қызметінің төңірегінде қан донорлары  алдымен зертханалық зерттеуден өтіп, әрі қарай транфузиолог дәрігердің қабылдауында болды. Қан доноры болуға ынта білдіргендер саны 42- ге жетті.

Мұражай қызметкері Гульмира Жолаеваның  туған күні осы қайырымдылық акциясымен тұспа-тұс келуіне байланысты Трансфузиология  орталығының атынан Қуанышбаев атындағы   қазақ музыкалық драма театрының қойылымына  билет сыйлыққа  тапсырылды.

Анықтама: Мұражай  «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 2 шілде айының  «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің  «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 675 Қаулысымен құрылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының баға жетпес қорын «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды дүниелер  құрайды.Оның ғимараты ерекше пішінімен алыстан көз тартады. Аса ірі бірегей мұражай  кешені 74 000 шаршы метр жерді алып жатыр және тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады.Жалпы көлемі 14 000 шаршы метрден  асатын экспозициялық алаң 11 залды алып жатыр.