Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«ДОНОР БОЛЫП, IPHONE 7 ҰТЫП АЛ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ

Alser компаниясы Қызыл Жарты ай қоғамы және Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірге «ДОНОР БОЛЫП, IPHONE 7 ҰТЫП АЛ»  деп аталатын әлеуметтік жобаны бастайды.

«ДОНОР БОЛЫП, IPHONE 7 ҰТЫП АЛ» жобасы ерікті бастамаларды, атап айтқанда қан донорлығын ілгерілету және дәріптеу мәселелерін қолдау және дамыту мақсатында жүргізіледі.

Акцияның шарттарына сәйкес 2017 жылғы 21 қарашадан бастап Астана,  Алматы, Шымкент, Ақтобе, Қарағанды қалаларының қан орталықтарында қан тапсырған кез-келген адам жаңа iPhone 7 ұтысына қатысады. Ұтысқа қатысу үшін көрсетілімдер мен донорлықтың жалпы шарттарымен www.alser.kz/donor  сайтында танысуға немесе қалаңыздағы қан тапсыратын орнына барып, қан тапсырудың алдында акцияға қатысатыныңызды міндетті түрде айту керек. Барлық донорлардың арасында 10 iPhone 7 ойнатылады.

Әлеуметтік акцияның әрбір қатысушысы мен еріктісі Like it картасына 500 бонус алады, оларды Alser желісінің дүкендерінде пайдаланып, 10 iPhone 7 ұтысына қатысуға болады.

Әр 2 апта сайын Alser компаниясы Қызыл Жарты ай қоғамымен бірге www.random.org веб-сайты арқылы кездейсоқ сандар арқылы анықталатын 1 жеңімпаздың атын әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жариялайтын болады.