Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

HLA – зерттеулер

Трансфузиология өндірістік орталығының тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасы гемопоэздік дің жасушаларын қоса, ағзалар мен тіндерді транспланттауды зертханалық сүйемелдеу үшін HLA-зерттеулер бойынша қызметтердің толық спектрін жүргізеді.

Бүгінгі таңда HLA-зертхана мамандары әлемдегі барлық әдістемелерді тәжірибеге енгізді.

Сонымен қатар, қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізілуде, атап айтқанда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, онкогематологиялық аурулар, жүрек патологиясы сияқты белгілі бір антигендер мен аурулардың өзара байланысын орнату.

Пациенттер мен донорлардың геномын зерттеу нәтижесінде зертхана бұрын әлемнің бірде-бір елінде анықталмаған бірегей ДНҚ құрылымы бар 4 жаңа генді анықтады. Гендер лейкоциттік антигендердің номенклатуралық комитетінде (ДДҰ HLA жүйесінің факторлар номенклатурасы жөніндегі комитеті) HLA-DQB1*03: 82 және HLA – А*32:95, HLA-C*06:256, HLA-B*13:150 деп аталған.

 

 

Зертхананың аккредиттеу туралы куәлігі бар

ТҒӨО тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасының жұмыс тәжірибесі

Прейскурант

1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдарға*
– Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау орталықтарымен жасалған шарт шеңберінде осы транспланттау орталықтарынан жолдамалар алу;
– Қазақстан Республикасының аумағында қомақты ағзаларды транспланттау бойынша қызметтерді алмайтын, зертханамен жасалған өтеулі шарттың шеңберінде елдің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының ресми бланкісінде ресімделген жолдамасы;
– Қазақстан Республикасының аумағында гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау бойынша қызметтерді алмайтын, зертханамен жасалған өтеулі шарт шеңберінде және пациент және(немесе) оның әлеуетті тірі кезіндегі доноры азаматы болып табылатын елдің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының және(немесе) шетелдік транспланттау орталығының ресми бланкісінде ресімделген жолдамасы;
– Қазақстан Республикасының азаматы үшін әлеуетті тірі кезіндегі донор ретінде болатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында транспланттау қызметтерін алатын адамдары транспланттау қызметін көрсету жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының транспланттау орталығының жолдамасы;

* Осы талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-159/2020 бұйрығына сәйкес. «Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және(немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау кезінде тіндердің иммунологиялық үйлесімділігін айқындау қағидаларын және HLA-зертхананың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21528 болып тіркелді.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға*
– Қазақстан Республикасының аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде транспланттау қызметтерін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары транспланттау бойынша көмек көрсету жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының транспланттау орталығының жолдамасы;
– қомақты ағзаны транспланттау бойынша өтеулі көрсетілетін қызметті зертханамен жасалған өтеулі шарт шеңберінде шетелдік клиникада алуды жоспарлап отырған адамдар көрсетілген клиниканың немесе реципиентпен және(немесе) донормен жасалған, Қазақстан Республикасының транспланттау орталығының ресми бланкісінде ресімделген жолдамасы;
– қомақты ағзаны транспланттау бойынша өтеулі көрсетілетін қызметті зертханамен жасалған өтеулі шарт шеңберінде шетелдік клиникада алуды жоспарлап отырған адамдар көрсетілген клиниканың немесе Қазақстан Республикасының транспланттау орталығының ресми бланкісінде ресімделген жолдамасы;

– қомақты ағзаны немесе гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау қызметтерін «Шетелде емделу» бағдарламасының аясында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шетелдік клиникада алатын адамдар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасының транспланттау орталығының жолдамасы негізінде жүзеге асырылады.

* Осы талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-159/2020 бұйрығына сәйкес.”Ағзаларды (ағзаның бөлігін) және(немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) транспланттау кезінде тіндердің иммунологиялық үйлесімділігін айқындау қағидаларын және HLA-зертхананың қызметі туралы ережені бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21528 болып тіркелді.

Ағзалық транспланттауды сүйемелдеу үшін жүргізілетін зерттеулер*

Ағзалық транспланттау кезінде реципиенттер мен донорлардың иммунологиялық үйлесімділігін зерттеу үшін трансплантолог дәрігердің жолдамасы, жеке куәлігінің/паспортының (туу туралы куәліктің/паспорттың) түпнұсқасы мен көшірмесі талап етіледі. Қан үлгілерін тапсыру кезінде ақпараттандырылған келісім толтырылады.

 

Зерттеу атауы  Сынама саны (мл) Сынама атауы, толтырғыштың болуы Зерттеу түрі Орындалу уақыты
Рецепиент:
·         Қанды HLA жүйесі бойынша серологиялық әдіспен фенотиптеу (I класстағы антигендері, А,В,С локустары) төмен ажыратымдылық 5-9 Қан, антикоагулянт литии-гепарин Серологиялық  

1 жұмыс күні

Қанды HLA-жүйесі бойынша SSP әдісімен генотиптеу І және ІІ кластағы антигендер А, В, DRB1 локустары, орта рұқсат етілген деңгей 5-9 Қан, К2ЭДТА антикоагулянты Молекулалық-генетикалық 3 жұмыс күні
Сарысу үлгісінде HLA-антиденелеінің бар-жоғын ағынды флуорометрия әдісімен анықтау (Luminex) 5-9 Қан, гель и ұю активаторы Ағынды цитометрия 1 жұмыс күні
Сарысу үлгісінде 1 және 2- кластағы HLA-антиденелердің ерекшелігін-ағынды флуорометрия (Luminex)әдісімен анықтау 5-9 Қан, гель и ұю активаторы Ағынды цитометрия 1 жұмыс күні
Донор:
Серологиялық әдіспен HLA-жүйесі бойынша қанды фенотиптеу (I класс антигендері-А, В, С Локустары) төмен ажыратымдылық 5-9 Қан, литий-гепарин антикоагулянты Серологиялық 1 жұмыс күні
SSP әдісімен HLA-жүйесі бойынша қанды генотиптеу I және II класс антигендері, А, В, DRB1 локустары орташа ажыратымдылық 5-9 Қан, антикоагулянт К2ЭДТА Молекулалық-генетикалық 3 жұмыс күні
Реципиент + донор
«Кросс матч» үйлесімділігіне сынама қою 5-9

 

Қан, гель және ұю активаторы Серологиялық

 

 

 

1 жұмыс күні

Қан, литий-гепарин антикоагулянты

Зерттеу нәтижесін беру кешіктірілген жағдайда тұтынушыға зерттеудің мәртебесі көрсетілетін аралық нәтиже беріледі (мысалы: «жұмыста»). Аралық нәтиже берілгеннен кейін тұтынушыға әрқашан нәтиженің соңғы нұсқасы жіберіледі.

HLA-зерттеулердің нәтижелері зерттеу үшін материал жіберген Денсаулық сақтау ұйымына (емдеуші дәрігерге немесе сенімхаты бар курьерге немесе ресми хатта көрсетілген сенім білдірілген адамға) беріледі. Зерттеу нәтижелерін беру кезінде қорғалған интернет-арналар және құпиялылық нормаларына сәйкес файлды парольмен қосымша қорғау қолданылады.

Нәтижелерді әлеуетті донорға немесе реципиентке, сондай-ақ олардың туыстарына беруге жол берілмейді.

Гемопоэздік дің жасушаларын сүйемелдеу үшін жүргізілетін зерттеулер*

Гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау кезінде реципиенттер мен донорлардың иммунологиялық үйлесімділігін зерттеу үшін гематолог дәрігердің жолдамасы және жеке куәліктің/паспорттың (туу туралы куәлік/паспорттың) түпнұсқасы мен көшірмесі талап етіледі. Қан үлгілерін тапсыру кезінде ақпараттандырылған келісім толтырылады.

Зерттеу атауы  Сынама саны (мл) Сынама атауы, толтырғыштың болуы Зерттеу түрі Орындалу уақыты
Рецепиент:
HLA-А*, В*, Сw*, DRB1*, DQB1* бойынша қанды SSP әдісімен генотиптеу төмен ажыратымдылық 5-9 Қан, антикоагулянт К2ЭДТА Молекулалық-генетикалық  

 

3 жұмыс күні

HLA-А*, В*, Сw*, DRB1*, DQB1* бойынша қанды  SBT әдісімен генотиптеу жоғары ажыратымдылық 5-9 Қан, антикоагулянт К2ЭДТА Молекулалық-генетикалық  

 

5 жұмыс күні

Сарысу үлгісінде HLA-антиденелеінің бар-жоғын ағынды флуорометрия әдісімен анықтау (Luminex) 5-9 Қан, гель и ұю активаторы Ағынды цитометрия  

 

1 жұмыс күні

Гемопоэздік дің жасушаларын транспланттаудан кейін пациентте химеримизмді каппиллярлық секвенирлеу әдісімен анықтау 5-9 Қан, гель и ұю активаторы Ағынды цитометрия  

 

5 жұмыс күні

Донор:
HLA-А*, В*, Сw*, DRB1*, DQB1* бойынша қанды SSP әдісімен генотиптеу төмен ажыратымдылық 5-9 Қан, антикоагулянт К2ЭДТА Молекулалық-генетикалық  

 

3 жұмыс күні

HLA-А*, В*, Сw*, DRB1*, DQB1* бойынша қанды SВТ әдісімен генотиптеу жоғары ажыратымдылық 5-9 Қан, антикоагулянт К2ЭДТА Молекулалық-генетикалық  

 

5 жұмыс күні

Реципиент + донор
«Кросс матч» үйлесімділігіне сынама қою 5-9

 

Қан, гель және ұю активаторы Серологиялық

 

 

 

1 жұмыс күні

Қан, литий-гепарин антикоагулянты

Зерттеу нәтижесін беру кешіктірілген жағдайда тұтынушыға зерттеудің мәртебесі көрсетілетін аралық нәтиже беріледі (мысалы: «жұмыста»). Аралық нәтиже берілгеннен кейін тұтынушыға әрқашан нәтиженің соңғы нұсқасы жіберіледі.

HLA-зерттеулердің нәтижелері зерттеу үшін материал жіберген Денсаулық сақтау ұйымына (емдеуші дәрігерге немесе сенімхаты бар курьерге немесе ресми хатта көрсетілген сенім білдірілген адамға) беріледі. Зерттеу нәтижелерін беру кезінде қорғалған интернет-арналар және құпиялылық нормаларына сәйкес файлды парольмен қосымша қорғау қолданылады.

Нәтижелерді әлеуетті донорға немесе реципиентке, сондай-ақ олардың туыстарына беруге жол берілмейді.

Талдауларды қабылдау: жұмыс күндері: 8: 30-11: 00 (демалыс күндері – сенбі және жексенбі)

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, индекс: 010000; Керей, Жәнібек хандар көшесі, 10, тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасы.

Анықтама телефондары: 57-04-29, ішкі нөмірі 168