Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялардың оқушылары «Қан – өмір көзі» тақырыбы бойынша өз білімдерін арттыруда

Практика көрсеткендей, ересек адамның бір тобында қанның қасиеттері мен функциялары, донорлар мен донорлықтар туралы, қанның донордан науқасқа дейінгі жолы  және де оны тек донордан алуға болатыны туралы толық түсінік қалыптаспаған. Осы маңызды және қажетті ақпаратты біздің өскелең ұрпағымыз да толық көлемде иеленбейді.

Осыған байланысты Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы оқушылардың білімін толықтыруға, олардың донорлыққа деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған жұмысын жалғастыруда. Мамандардың айтуынша, өтеусіз қан беру – бұл трансфузиологиялық көмекке мұқтаж пациенттерге көмек көрсету ниетінің,  гуманизм мен риясыз көмек түрінің бірі.

Осылайша, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы 2019 жылғы 25 ақпанда «Қан-өмір көзі» тақырыбының кезекті презентациясын Пригородный кентіндегі №24 орта мектепте өткізілді. Оған 8-11 сыныптардың 93 оқушысы қатысты.Ұсынылған материалды түрлі-түсті слайдтарды пайдалана отырып бекіту сұрақтар мен оқушылардың жауаптары, сондай-ақ оқушылардың сұрақтары мен маманның жауаптары түрінде өтті. Сұрақтар әртүрлі болды. Мысалы, бір оқушыны бір донацияның құны қызықтырды, оған маманның қан донорлығы – игі іс екенін және көмек риясыз болу керектігін терең түсіндіруге тура келді.