Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні

Кеше, 12 мамырда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында Халықаралық мейіргерлер күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Басқаша айтқанда, ең гуманистік маманның бір уәкілінің қызметін тағы бір рет құттықтап және атап өтіп, алғыс айтуға себеп болды.

«Мейіргерлер күні» мерекесінің туындау тарихы 19 ғасырдың басынан басталады. Бұл күні қайырымдылық қызметінің негізін салушы мейіргер Флоренс Найтингейл дүниеге келген. Крым соғысы кезінде соғыс әрекеті кезінде өлімнің азаюына едәуір жағдай туғызып, бұл әйел жаралы сарбаздарды күтуге алғашқы қызметті ұйымдастырған. Ол әлемде қайырымдылық мейіргерлер мектебін құру үшін қайырымдылық қорын ұйымдастырды. 1934 жылы Ф. Найтингейл атындағы Халықаралық қор құрылып, осы бастама бойынша Халықаралық мейіргерлер күні жыл сайынғы мейрам болып қалыптасты. Мейіргерлер болмаса медицинаны елестету өте күрделі іс. Статистика деректері бойынша мейіргерлерге ауруларды күту үшін 80 % ауыртпалық түседі екен.

Салтанатты жиынды құттықтау сөзімен Орталықтың директорының орынбасары Абдрахманова Сания Алишевна ашып және Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің кәсіподағына ерекше еңбегі үшін «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін және ТҒӨО алғыс хатын еңбек ардагері Людмила Сынхановна Зубаньға табыс етті. Ол өзінің еңбек ғұмырнамасының 47 жылының 46 жылын қан қызметіне арнаған.

Басқа да еңбек ардагері мейіргер Рысалды Нұрышқызы Тұрғұмбаеваға, Орталықта 7 жылдан астам еңбек еткені үшін, шипажайға жолдама мен алғыс хат табысталды.
Адал еңбектері және кәсіпқойлығы үшін алғыс хатпен аға мейіргер Салтанат Смагұлова, Алтыншаш Каппарова, мейіргер Айсары Талғат және зертханашы Әсел Сиязбек марапатталды.

Людмила Зубань және Рысалды Тұрғұмбаева ардагерлерге алғыс сөзімен, бүгінде астананың, өңірлердегі қан қызметінің қалыптасуына және дамуына үлкен үлестерін қосқан, жемісті және көп жылдар бойында еңбектерін ескеріп, лайықты демалысқа ұжымның шығарып салуына директордың медицина жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайжамал Жақсылыққызы Мұсабекова сөз сөйледі.

Салтанатты жиын жас мамандардың мамандыққа ие болу рәсімімен аяқталды. Орталықтың аға мейіргері, бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасы Дәмелі Сұлубекова өз сөзінде, осы жылда Орталықтың ұжымы Астана, Қарағанды, Павлодар және Тараз медициналық колледждерінің түлектері тобымен толықтырылғанын атап өтті.
Сөз кезегінде ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Махамадиева жастарға тілегі мен ізгі құттықтауын арнап, бірінші рет еңбек кітапшасында жазылған алғашқы жазбамен таныстырды. Ал жастардың тәлімгерлері оларға сыйлық ретінде ақ халатты тарту етті.