Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

2018 Дүниежүзілік донор күні

2018 жылғы 14 маусымда Трансфузиология ғылыми-өңдірістік орталығының ғимаратында донор күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Осы күнге орай жыл сайын жаңа лозунг шығады. Биылғы мерекенің ұраны, «Өзгелерді ойда, қан тапсыр,  өміріңмен бөліс!».

Дүниежүзілік донор күні донорды құрметтеу мақсатында құрылған. Қан құю әлі күнге дейін дейн адам өмірін сақтаудың жалғыз амалы болып қалады.

Өз қанын тапсыру біруге – өзгеге өмір сыйлау деген мағынаны білдіреді. Оны әрқайсымыздың білгені маңызды.

Іс-шараға денсаулық сақтау министрлігі, Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының өкілдері, бокс бойынша олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев, ерікті өтеусіз донорлар мен ерікті өтеусіз донорлыққа белсене қатысатын ҮЕҰ өкілдері және т.б. қатысты.

Іс-шараның шеңберінде донорлар, ерікті өтеусіз донорлыққа белсене қатысатын ұйымдар мен қала кәсіпорындарының басшылары марапатталды.

Ахметова Сауле Кайдаровна, Попова Анна Станиславовна, Рустемова Айгуль Бекеновна ҚР ДСМ құметті доноры белгілері мен сыйлықтармен марапатталды. Сарыбасов Пармбек, Баймухамбетов Эрнст Тулегенович, Туранов Арман Алиайдарович, Кизатов Асан Ахмадиевич, Гааб Валентина Петровна, Абилев Ербол Серикович, Ткачёва Наталия Владимировна құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтармен марапатталды. Алексютна Н.А. Оспан Әділбек Тұрсынбекұлы, Каракесекова Гульдана Жумабаева, Бөриева Әлия Жарылкасынқызы , Салиенко Василий Васильевич, Иванова Ирина Павловна, Шақан Еркебұлан Мейрамұлы алғыс хаттар естелік сыйлықтармен марапатталды.

«КАЗГЮУ Университеті» АҚ, «Объектілерді мемлекеттік қорғау қызметі» ММ, Астана қаласының «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы, «Астана-Теплотранзит» ұлттық компаниясы, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы, Астана қаласының қалалық ауруханасы ұйымдарына алғыс хаттар мен естелік сыйылықтар берілді.

 Іс-шараны ұйымдастырушылар: Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы, «Еуразиялық медициналық қауымдастығы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі, «Алқалы Кеңес» корпоративтік қоры, Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы және «Праздник вкуса» компаниясы.