Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Жандос Қонысұлы Бүркітбаев

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК директоры

Әбдірахманова Сәния Әлішқызы

Жамбыл облысы, Талас ауданының Ақкөл селосында 1971 жылы 27 ақпанда дүниеге келді.

1996 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медицина университетін, 2003 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2007 жылы «Фармация» мамандығы бойынша Оңтүстік Қазақстан медицина академиясын бітірді.

2003 жылы «Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қан қызметін жетілдіру» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2013 жылдан бастап Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталығының докторанты.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласындағы қалалық клиникалық ауруханасының жедел медициналық көмек көрсету дәрігерінен бастады. Әр жылдарда Алматы қаласының Апаттар медицинасы республикалық орталығының дәрігері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім және ғылым басқармасының бас маманы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік саясат, медициналық және фармацевтикалық өндірісті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық өндіріс және ақпараттық – аналитикалық қолдау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық және медициналық өндірісті және дәрілік саясатты дамыту басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің Қызметті қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары, «Ақтөберентген» АҚ басшылығының  құрамында қызмет атқарды.

2008 жылы Астана қаласының «Қан орталығы» ШЖҚ ҚКК басшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 10 ақпандағы № 111 Қаулысымен  «Қан орталығы» ШЖҚ ҚКК республикалық меншікке қабылданып «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК болып аталды.

Мемлекет Басшысының жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, белсенді қайырымдылық қызметі және мейірімділігі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.

 «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілерінің иегері.