Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Біз туралы

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорны. Бұл Қазақстан Республикасының қан қызметіндегі жетекші ұйым.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының миссиясы мен көрінісі:

 Миссия

ҚР халқына көрсетілетін қан қызметінің сапасын жақсарту үшін қан донорлығын, медициналық технологияларды, кәсіби әлеуетті, қолданбалы зерттеулерді және трансфузиялық медицина саласындағы мамандарды даярлау жүйесін дамыту

Пайымы

Республикада өндірістік және клиникалық практиканы жетілдіру жолымен трансфузиялық медицинаны үнемі жақсарту

Міндеттер:

  • Астана қаласы медициналық ұйымдардың қан компоненттеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру;
  • республикадағы барлық қан қызметінің жұмысын үйлестіру және бақылау;
  • нормативтік акт жасаушы, трансфузиология саласындағы білім және ғылыми-зерттеу қызметі.

Қан қызметі – халыққа күттірмейтін және жоғары мамандандырылған қызмет көрсетуде трансфузиялық медицинаның қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың маңызды салаларының бірі.

Қан қызметін дамыту қанның 100% ерікті, өтеусіз донорлдығына негізделеді.

Республикадағы қан қызметінің құрылымы мынадай ұйымдардан тұрады:

  • Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы;
  • Алматы қаласының Республикалық қан орталығы;
  • 14 облыстық қан орталығы;
  • Семей және Алматы қалалық қан орталықтары.

Барлық қан орталықтарында донорлық қан және оның компоненттерін дайындаудың тиімді аппараттық әдістері пайдаланылады – донорлық плазмаферез, донорлық цитаферез (қан жасушаларын дайындау – эритроциттер, тромбоциттер, гранулоциттер, перифериялық дін жасушалары).

Қан компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында донорлық қанды зертханалық зерттеуде стандартты жабдықта, қан қызметі үшін валидацияланған екі кезеңдік скрининг (ИФТ+ПТР) пайдаланылады.

Бүгінгі күні Қазақстанда донорлар саны 1000 адамға шаққанда 15 донацияны құрайды.