Қан тапсырудың қауіпсіздігі

Адамға құю үшін пайдаланылатын қан дені сау адам-донордан алыну керек. Қан – бұл тірі және қалпына келетін тін болып табылады, сондықтан оны дені сау ағза ғана көп көлемде бере алады.

Көптеген зерттеулер донорлық – пайдалы екенін дәлелдейді, өйткені донордың қаны қан кетуі саладырынан қан жасаушы жүйесін ынталандыру арқылы тұрақты түрде «жасарады» (адам қанды тапсырды, оның ағзасына жаңару керек деген белгі түседі). Бұл болса, жүрек пен тамыр, иммундық жүйе ауруларының, ас қорыту жүйесі, бауыр мен ұйқы безі бұзылыстарының профилактикасы. Қан 30-40 күннен кейін толық қалпына келеді. Түрлі компоненттердің қалыпқа келу жылдамдығы әр түрлі. Эритроциттер донор ағзасында 4-6 апта ішінде, ал лейкоциттер мен тромбоциттер – бірінші аптаның соңында қалпына келеді. Плазма 1-2 күннің ішінде қалпына келеді.

Барлық медициналық манипуляциялар да бір рет пайдаланылатын құрал-саймандар мен қосымша материалдар пайдаланылады, бұл донор үшін инфекциялық ауруларды жұқтыру қауіпсіздігінің кепілі.

Донорларды жасақтау бөлімшесінде донорлар мұқият іріктеледі. Қанның әрбір дозасы қан арқылы берілетін инфекциялық агенттердің бар-жоғына тексеріледі (АИТВ, В гепатиті, С гепатиті, мерез). Зерттеу барысында оң нәтиже анықталса, қан жойылады, ал донор қан тапсырудан мерзімсіз шеттетіледі!