Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Донорлық тарихы

Қанды құю тарихы өте қайғылы, тіпті трагедиялы деуге де болады. Ол дәріптеу шыңна дейін көтеріліп, оны пайдалануға мемлекеттік тұрғыдан тыйым салғанға дейінгі бірталай кезеңнен өткен.

Ежелгі заманда науқастарды емдеу үшін жануарлар қанын пайдаланған. Гомер бірнеше ғасыр бұрын құрбандыққа шалынған жануарлардың қанын пайдалануды сипаттаған. Көптеген жүз жылдықтар бойы қан – өмір жасын бірнеше жылға ұзартатын, ішілген қан жараланған кезде жоғалған қанның орнын толтыра алтын ғажайып сұйықтық деп түсінілді. Одиссей, қайтыс болған пайғамбар Тирессийге санасы мен сөйлеу қабілетін қайтару үшін оның көлеңкесіне қой қанын ішуге берген. Египет әскерлерінің соңынан қаны жарақат алған адамдарды емдеу үшін пайдаланылған қойлар табыны жүрді.

Гиппократ психикалық бұзылыстар бар науқастарға дені сау адамдардың қанын ішуді ұсынды.

Плиний мен Цельс шығармаларында қарт адамдар жасару үшін өліп жатқан гладиаторлардың қанын ішкені туралы хикаялар бар. Папа Иннокентий VIII біраз жасқа жеткен соң үш он жасар баланың қанынан дайындалған сусынды ішіп, жастық шағын қайтарғысы келген оқиға да белгілі.

Алапес ауруына шалдыққан көне грекиялық патша Константин қанды емдік ванналарды қабылдау үшін пайдаланды.

Орта ғасырлар мен қайта жаңғыру дәуірінде қанды адам тамырына құюды пайдаланбаған. Адам ағзасындағы қан жылжуы туралы қалыптасқан түсініктің негізінде қанды құюға дұрыс теориялық негіздеме берілмей, оны практикалық тұрғыдан дұрыс пайдалану болмаған.

1616 жылы Уильям Гарвейдің қан айналымы заңың ашу – сұйықтықты тамыр ішіне, оның ішінде қанды құюдың алғы шарты болды. Гарвей қан айналым жүйесіне деген өз қөзқарасын алғаш рет 1616 жылы Лондонда оқыған дәріс үстінде мазмұндады. 1628 жылы ол «Жануарларда жүрек пен қанның жылжуы туралы анатомиялық зерттеу» деген жұмысын жариялады, мұнда ол 1500 жыл бойы болған Гален ілімін жоққа шығарып, қан айналым жүйсіне жаңа анықтама берді.

Алайда, Гаврей ілімінде бір осал жер болды – ол қан артериядан көктамырға қалай баратынын көрсете алмады. Бұл сұраққа 1661 жылы капиллярдық қан айналымын ашып, италиялық биолог және дәрігер Марчелло Мальпиги жауап берді.

Гарвей жаңалығынан кейін қан құю практикасында маңызды рөл атқарған дәрілерді енгізудің жаңа әдістері – инъекциялар мен құюлар пайда болды. Гарвей оқушылары қанды қан тамырына құю әдістемесін әзірледі. Олар қан құюдың ғылыми негізделген идеясын тапты. 1665 жылы жануарлар қанын сәтті құюдың алғашқы тәжірибесін лондон анатомы Ричард Лоуэр жасады. Ол қанды итке құйды: мойын тамырынан қанды шығарып иттің жағдайын құрысуға дейін жеткізді, содан кейін оған басқа иттің қанын құйды. Бірнеше сағаттан кейін ит аяғына тұрып, қалыпты өмірін жалғстырды.

Гемотрансфузия ілімі жанауарлардан алынған қанды құюдан басталды. Қан донорлары ретінде негізінен иттер мен қойлар пайдаланылды. Дені сау және науқас адамдарға құйылған жануарлар қаны көптеген, оның ішінде өліммен аяқталған асқынуларға ұшықтырды.

Қанды жануардан адамға алғаш құюды математика, философия және Сорбонна медицинасының профессоры және француз ғалымы Жан Батист Дени жасады. Ричард Лоуэрдің материалдарымен танысып, ол 1665 жылы иттермен жасалған тәжірибені қайталап, 1667 жылғы 15 маусымда безгек ауруымен шалдыққан науқасқа ұйқы күре тамырдан тікелей қол көктамырына 250 милилитр қозы қанын құйды. Тәжірибе сәтті аяқталды.

Қанды алғашқы құюдың нәтижелері үміттендіретін. Алайда, кезекті науқасқа жасалған төртінші трансфузия 2 айдан кейін өліммен аяқталды, бұл өз кезегінде белгілі тарихи салдарға әкелді – 1668 жылы Франция депутаттарының палатасы қанды жануарлардан адамға құюға заң түрінде тыйым салады. Ұқсас тыйымды Британиялық парламент та салды.

Қанды құю проблемалары бойынша кең клиникалық және эксперименталдық зерттеулердегі үзіліс шамамен 150 жылды құрады.

Геторогендік қанды құюдағы сәтсіздіктер адамға адам қанын ғана құюға болатыны туралы ой салды.

1818 жылы белгілі британиялық дәрігер және физиолог Джеймс Бланделл лондондық медициналық-хирургиялық қауымдастықтың отырысында қанды адамнан адамға құю туралы баяндама жасаған кезде гемотрансфузияларға деген сенімділік өз орнына келді. 1818 жылдар шамасында ол иттермен эксперементтер сериясын жүргізді, ал одан кейін акушериялық қан кетуде 4 сәтті гемотрансфузия жасады. Бірақ бұл сәттілік 50% да 50% – гемотрансфузияға қарамастан, соның да салдарынан болуы мүмкін басқа 4 әйел осы шарадан кейін көз жұмды.

Бланделл өз зерттеулерін жалғастырды, осы әдістің артықшылықтары мен кемшіліктерін белгіледі және гемотрансфузия технологиясын жасады. Оның алғашқы гемотрансфузиялары венесекция арқылы шприцпен жасалынған. Одан соң ол қанды қысым астында құюға арналған екі аппарат жасады.

Бақылаудың 4 түрін: науқастың жалпы жай-күйін, алынған қанның көлемі, құюдың үздіксіздігі және жүрек жұмысының жағдайын қамтитын трансфузия техникасын бақылау дәрігердің басты міндеті болып табылады – деп Бланделл жазған.

Бланделл сонымен бірге гемотрансфузияның негізгі қауіпі мен асқынуын анықтады – оны жүргізуге кедергі келтіретін қанның ұюы, ауа эмболиясы, кейбір жағдайда қанның сәйкес келмеуі. Босану кезіндегі пайда болған қан кетуді гемотрансфузия жасау үшін негізгі айғақ деп білді. Бланделл қынаптан шыққан қанды жинақтап, оны көктамырға сәтті түрде қайта құйды.

Баланделлдің және өзге де зерттеушілердің жұмыстары гемотрансфузия сәтті немесе сәтсіз аяқталудың нәтижесі дәрігердің білімі мен біліктігінен емес, кездейсоқ бейтаныс факторларға байланысты нәтиже медицинаның экзотикалық әдісі болып табылатынын айқындады. Қанның үйлесімді және үйлесімді емес түрлерінің бар болғаны белгілі болды. Осы және өзге де себептерден гемотрансфузия күнделікті медициналық практиканың әдісіне айналмаған. Жаппай қан кету қанды құю үшін ең маңызды және жалғыз айғақ болды.

Ресейде босандыру кезінде болатын жаппай қан кетудегі алғашқы сәтті қан құюды 1832 жылғы 20 сәуірде Санкт-Петербург қаласының Обухово ауруханасында акушер Андрей Вольф жүргізді.

Әскери шиеленіс және 1870 жылғы франция-пруссия соғысы кезеңінен бастап жараланғандардың елеулі бөлігін емдеу қажеттілігі трансфузиялық медицинаның дамуын ынталандырылды. Орыс профессоры Сергей Петрович Коломнин орыс армиясында жараланған адамдарға әскери жағдайда (1876 -1877 жылдар) қан құю жүргізген бірінші адам болды. Оның пікірінше аяқ-қолдары кесілген жағдайда «қанды құю науқасты операция жасау және операциядан кейін әлсіз өмір қабілетін сүйемелдеу үшін нығайтады». Николай Иванович Пирогов, C.П. Коломниннің тәжірибесіне сүйеніп гемотрансфузиялар жараландарға госпитальдарда хирургиялық көмек көрсетудің негізгі бөлігі болғаны жөн екенін атап өтті. Алайда, ХХ ғасырдың басына дейін донорларды эмпирикалық іріктеу қан құюды өте қауіпті шара етті.

Қанды құюмен бірге түрлі сұйықтықтарды венашілік құю бойынша зерттеулер де жүргізілді.

Осылайша, 19 ғасырдың 30-шы жылдарының басында ағылшын дәрігері Томас Лэтта “Lancet” журналында тырысқақты сода ерітіндісін вена ішіне құю арқылы емдеу туралы өз жұмысын жариялады. 1873 – 1881 жылдар аралығында американдық дәрігерлер американдық дәрігерлер науқастарға сүт те құйған, бірақ мұндайда жанама реакциялар өте жиі орын алған.

1881 жылғы 10 шілдеде Альберт Ландерер науқасқа «ас тұзының физиологиялық ерітіндісін» сәтті құйды, ол осы инфузиялық ортаның атын шығарып, әлемдік медицина ХХ ғасырға – трансфузиологияның қалыптасу және даму ғасырына осы ерітіндімен бірге қадам басты.

Гемотрансфузия проблемасындағы елеулі өзгерістер ХХ ғасырдың басында ғана болды және иммунитет туралы ілімінің дамуына байланысты. Карл Ландштейнердің бір адамның эритроциттері басқаның сарысуымен агглютинацияға түсудің себептерін түсіндіру қанды құю туралы қазіргі заманғы ғылым дамуының іргетасы болды. Бұрынғы кезде мұндай феноменді аурудың бір белгісі ретінде қабылдады. 1901 жылы Вена қаласының Патологиялық анатомия университетінің қызметкері К.Ландштейнер 22 адамның эритроциттері мен сарысуының өзара іс-қимылына зерттеу нәтижелерін жария етіп, қанның үш тобы О, А және В бар екенін ашты (1930 жылы Нобель сыйлығын алды). Бұдан кейін, 1902 жылы К.Ландштейнердің университеттегі әріптестері Альфред Декастелло және Адриано Стурли қанның АВ төртінші тобын сипаттады.

Осы ашылған жаңалықтар гемотранфузиядан кейнгі асқынулардың санын азайтты және де бұл гемотрансфузия ілімі тағдырындағы бірінші негізгі өзгеріс болды.

Қан топтарын есепке ала отырып, әлемдегі ең алғаш трансфузияны 1907 жылы американдық хирург Джордж Крайль (үйлесімді қанның 61 құюын жасады) жүргізді. Сол жылы Гектоэн қан үйлеспеуінің алдын алу үшін донор және реципиент қанының арасындағы алғаш айқас реакцияны жасады. Ресейде қан тобын ескере отырып, алғаш қан құюды 1919 жылғы 23 маусымда Әскери-медициналық академиясының хирургия факультетінің клиникасында (Санкт-Петербург қаласы) Владимир Шамов жүргізді.

Донор ағзасынан алғаннан кейін қан ұюын болдырмау – шешуді талап еткен қан құюдың келесі проблемасы болды.

Оның шет жағын 1821 жылы француз химиктері Жан-Луи Прево және Жан-Батист Дюма шешкен. Олар фибринді алғаннан кейін қан сұйық түрінде қала беретінін анықтады.

Қанды консервілеу жөніндегі зерттеулерді 1867 жылы В.Раутенберг ұсынды, ол көмір қышқылды натрийдің аз мөлшерін қосу қанды құю үшін қажетті қасиеттерінен арылтпай қан ұюды кешіктіре алатынын дәлелдеді.

Дефибринирлеуден басқа, қанды сұйық түрінде қалдыру проблемасын шешу үшін түрлі ғалымдар әр түрлі тәсілдерді ұсынған: қанға арналған контейнерлер мен түтікшелерді парафинмен қаптау, сульфат және аммоний оксалаты, натрий фосфаты, сульфаты және йодиді, сульфарсенол, арсфенамин, гирудин антикоагулянттарын пайдалану.

Алайда, 1914 жылы бразильдік дәрігер Луис Аготенің практикаға қанды консервілеу үшін нарий цитратын енгізу радикалды өзгеріс болды. Натрий цитраты – кальцийді байланыстыратын және сол арқылы ұюдың алдын алатын уытты емес антикоагулянт. Енді қанды ұзақ мерзім сақтау мүмкін болды.

К.Ландштейнердің ашқан жаңалығы және Луис Аготенің антикоагулянтті енгізуі гемотрансфузияны экзотикалық және күнделікті медицинаның қолжетімді әдісіне айналдырды.

1-ші дүниежүзілік соғысы трансфузиялық медицинаның дамуына негізгі түрткі болды. Қан құю жүргізілген науқастар геморрагиялық шоктан ғана емес, травмалық шоктан да шыққан жағдайлар тіркелді. Ұйымдастырылған донорлар, қанды тиімді дайындау пайда болды. Трансфузиялардың саны өсе берді. Қанды дайындау және құю мәселелерімен айналысатын арнайы қызметті қалыптасрыудың қажеттілігі туындады.

Трансфузиология тарихындағы келесі кезең 1926 жылы Мәскеуде әлемдегі алғаш Қанды құю инстутты құрумен байланысты (қазіргі ГНЦ АМН РФ).

Александр Богданов оның негізін қалаудың иеологы және бірінші директоры болды. А.А.Богданов мамандығы бойынша дәрігер бола тұра, революционер, философ және әдебиетші ретінде белгілі болды. 1908 жылы «Красная звезда» деген романында саяси социализмді қанды өзара алмастырумен толықтыруға болатыны туралы пікір айтты, осы арқылы жалпы идеямен ғана емес, жалпы қанмен да біріккен туыстықты жасауға болады деп білді. А.А. Богдановты институтта жұмыс істей тұра, науқас және дені сау адамдар арасында қанды өзара құюдың (500-1000 мл) тиімділігі қызықтырған. Қанды көптеген ауруларды емдеудің жолы ғана емес, жасару және тәжірибе мен жинақталған ақпаратпен алмасудың тәсілі ретінде алмастырып құю белсенді түрде насихаттандырылған.

1928 жылғы наурызда институт қызметкерлері МГУ студенті Л.И. Колдомасовта туберкулездың жасырын түрін және ауырған безгек ауруының салдары анықталды. А.А. Богданов оған мол тәжірибелі дәрігер ретінде туберкулезге қарсыласуы болуының негізінде қанды өзара алмастыруды ұсынды. Трансфузия Л.И.Колдомасовты оны аурудан жазықтырып, осы қарсыласуды бере алар еді. Екеуінің де қан тобы бірдей болды – О (I) – кешке 1928 жылғы 24 наурызда әрқайсына бір литр құйылған өзара қан алмасу жүргізілді. Біраздан кейін екеуінде де күрделі гемолитикалық асқынулар дами бастады.

Богданов 1928 жылғы 7 сәуірде көз жұмды. Өлімнің себебі: үйлесімді емес трансфузиядан кейін донорлық қан гемолизінің нәтижесіндегі уыттану, бүйрек жетіспеушілігі.

Американдық профессор Дуглас Хьюстис Богдановтың өмірбаянын зерттей отырып, өлімінің себептерін анықтады. Өзіне өзі қол салу мүмкін емес, оны өлтіру версиясы жоққа шығарылады. Фаталдық қан құю Багданов үшін он екінші қан құю болғанын ескере отырып, IgG үлгідегі анти-Rh-антиденелерімен гемолитикалық реакция орын алған. Қан тобының резус жүйесі 12 жылдан кейін – 1940 жылы ашылды.

1932 жылы Ленинград қаласында әлемдегі алғаш қан банкісі құрылды. Институтты құрғаннан кейін ленинградтық ғалымдар А.Н.Филатов және Н.Г.Карташевский қан компоненттерін: эритроциттік маса мен плазманы өндіруде әлемдік артықшылыққа ие болды.

Қанды дайындау және құю жөніндегі нұсқаулықты сақтау, гемотрансфузияны біршама қауіпсіз етті. Бұл шара әмбебап емдеуге айналды. Оны қан кету мен анемияны емдеу үшін ғана емес, күшті жинау, қоректендіру, инфекцияларға қарсы күрес, түрлі аурулар профилактикасында да жарнамалай бастады. Осылайша 80-ші жылдардың ортасына дейін жалғасты, бұдан кейін ЖИТС эпидемиясы қан құюға деген көзқарасты өзгертті.

1928 жыл трансфузиология саласындағы оқиғаларға бай кезең болды:

– Ұлттар лигасының гигиеналық комиссиясы қан тобы бойынша Дунгерн –Гришвельдтің халықаралық әріптік-сандық номенклатурасын бекітті;

– М.И. Аринкин сүйек кемігін стерналды пункция жолымен алғаш рет алды;

– А. Н. Филатов КСРО-да алғаш рет қан реинфузиясын негіздеді және енгізді;

– В. Н. Шамов мәйіт қанын консервілеу және құю идеясын пайымдады.

1937 жылы Парижде Қанды құюдың халықаралық қауымдастығы (International Socifyof Blood Transfusion, ISBT) құрылды. Он жылдан кейін Қан банкісінің Американдық Ассоциациясы құрылады. Бұл екі ұйым бүгінгі күні әлемдегі беделді ұйым болып табылады жне қазіргі трансфузиологияда елеулі рөл атқарады.

Бернард Фантус 1938 жылы ұйытынды мен жасушалық агрегаттарды бөлу үшін қанды фильтрлеу әдісін алғаш рет пайдаланды.

Германияда 1939 жылы «Перистой» синтетикалық коллоид негізіндегі алғашқы қан алмастырушының компоненті поливинилпирралидон синтезделді.

1940 жылы К.Ландштейнер, А.Винер, Ф.Левин Қанның Резус жүйелерін сипаттады.

Сол жылы Эдвин Кон этил спирті арқылы плазманы фракциялау әдісін енгізді. Бұл үдеріс плазмадан қанды және оның құрауыштарын – ақуыздың түрлерін бөлуге мүмкіндік берді. Альбумин (қатты осматикалық әсері бар ақуыз) сияқты мұндай ақуыздар, гамма-глобулин (инфекцияларға қарсы тұра алатын ақуыз) және фибриноген (қан ұюына қатысатын ақуыз) клиникалық пайдалану үшін қолжетімді болады. Ақуыз препараттарын құюдың тиімділігін Джон Эллиот көрсетеді.

Ұлы Отан соғысы қанды құю әдісін жетілдіруге ғана емес жалпы қан қызметін ұйымдастыруға да үлкен әсер етті.

Ұлы Отан соғысының басында далалық госпитальдар қан құю станциялары және институттары тылда дайындаған консервіленген қанмен орталықтандырылған қамтамасыз етуді жоспарлады. Алайда, 1941 жылғы қыркүйекте консервіленген қанды орталықтандырылған жеткізу медициналық эвакуация кезеңдерінің қажеттігін толық қамтамасыз ете алмайтыны анықталды. Ұзақ мерзім сақталатын қанды алыс арақашықтықта тасымалдау ыдыс жарылуынан шығынды болды. Сондықтан әскери операция алдында 200-300 литр көлеміне дейінгі қанды жинай алатын ірі госпитальдар базасында әскери және фронттық қан құю станциялары ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының соңына қарай мамандандырылған медициналық көмек кезеңінде қан компоненттерін пайдалануды бастады.

1945 жылы медициналық санитариялық батальондарда қанды құюдың жиілігі әскердің госпитальдік базаларына түскен жарақат алған адамдар санының 10-12%-ын, фронттың госптальдік базаларына – 13-14%-ын құрады. Соғыс жылдары әскери емдеу мекемелерінде барлығы 7 миллион гемотрансфузия жүргізілді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында трансфузиология саласындағы басқа елеулі жаңалықтар мынадай болды:

– 1943 жылы P. Besson трансфузиямен берілетін гепатитке алғашқы классикалық сипаттамны жариялады;

– 1944 жылы декстран негізіндегі қан алмастырғыштары әзірленді;

– ХХ ғасырдың екінші жартысында өндірістік және клиникалық трансфузиология практикасы негізгі ғылымның жетістіктерін сіңірді: гемотрансфузия жүргізуде Резус қан жүйесі, сондай-ақ адамның лейкоциттер антигендері (human leukocyte antigens -HLA) бойынша үйлесімділігі ескеріледі (оны Ж.Доссе 1950-шы жылдары ашты);

– 1951 жылы қан қызметі таризхындағы маңызды техникалық оқиғаның бірі – К.Уолтер қанды дайындауға арналған полиэтиленді ыдысты ұсынды. Шыны бөтелкелерді полиэтилендік пакеттерге ауыстыру қанды және оның компоненттерін дайындау технологиясына басқаша қарауға мүмкіндік берді, персоналдың қанды дайындау кезіндегі қауіпсіздігін арттырды;

– 1953 жылы қанды фракциялауға арналған рефрижератор центрифугасы әзірленді, бұл қан дайындауды біраз тездетті;

– 1959 жылы Макс Перуц (Кембридж университеті) оттегіні тасымалдайтын және эритроциттерге өзіне тән түсін беретін молекула гемоглобиннің молекулярлық құрылымын сипттап ашады;

– 1960 жылы А.Соломон және Фейхи плазмаферездің алғашқы шарасы туралы айтады – тұқым қуалаған гиперхолестеринемия бар науқастардың плазмасын емдік мақсатта бөлу;

– 1961 жылы тромбоциттер концентратының онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарда қан кетуден болған өлім-жітілікті қысқартудағы рөлі анықталды:

– 1962 жылы крахмалдың гидроксиэтилирленген ерітіндісін клиникалық енгізу басталды (Thompson). Алайда, қазіргі таңда гидросиэтилкрахмал дәурінің жандануы ХХ ғасырдың соңына тиесілі;

– 1964 жылы донорлық плазмаферез әдісі енгізілді – плазманы фракциялау үшін жинақтау әдісі;

– 1965 жылы криопреципитат – гемофилияны емдеуге арналған VIII фактор (Pool, Shannon) алынды;

– 1969 жылы S.Murphy және F.Gardner терапияға тромбоциттер трансфузиясы арқылы жаңалық енгізе отырып, тромбоциттерді бөлме температурасында сақтаудың мүмкіндігін көрсетеді;

– 1971 жылы донор қан үлгілерін В (HBsAg) гепатитіне тестілеу басталады;

– 1972 жылы донор қанынан бір жасушалық компонентті бөлуге арналған аппараттық аферез шарасы енгізіледі, қанның қалған бөлігі донорға қайтарылады;

– 1979 жылы эритроциттер метоболизмін зерттеу донорлық эритроциттерді CPDA пайдалана отырып сақтау мерзімін 35 тәулікке дейін ұзартуға мүмкіндік берді;

– 1979 жылы КСРО-да Ауғанстандағы жарақат алғандарды емдеуде сәтті пайдаланған, клиникалық негізде әлемде алғаш рет сыналған оттегіні тасымалдау функциясы бар перфтокөміртегі негізіндегі «Перфторан» (Граменицкий, Белоярцев) жасалынды;

– 1983 жылы эритроциттерді сақтау мерзімін 42 күнге дейін ұзартатын консервілеу ерітінділері жасалынды – SAGM;

– 1985 жылы донорлық қан үлгілерін АИТВ-ға зерттеу басталды.

ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары донор қаны арқылы жұғатын жаңа инфекциялық аурулар – АИТВ, С гепатиті және т.б ашулыумен ерекшеленеді. Әлемдік практикада пациенттердің осы инфекциялармен жаппай жұқтыру жағдайлары сипатталды. Бұл қан қызметінің алдында қан компоненттерін құюдың жоғары қауіпін түсінумен және басқа қырынан оны пациенттерге көмек көрсету үшін құюдың қажеттілігімен байланысты міндеттерін түсінудің елеулі өзгерістіріне әкелді;

– 1986 жылы КСРО-да жаңа алынған донорлық қанды құюға қарсы айғақтар ресми түрде қабылданды, гемокомпоненттік терапияға ауысу нормативтік түрде бекітілді.

«Көптеген жылдар бойы жаңа алынған қан жан-жақты әсері бар әмбебап трансфузиялық орта ретінде қабылданды. Осының нәтижесінде жаңа алынған қанды құюға аса күрделі емес шара, әрекет етудің болжамды алмастырушы, гомостатикалық, ынталандырушы, дезинтоксмкациялық және трофикалық тетігіне негізделген айғақтардың кең спектрі бар ресім ретіндегі көзқарас пайда болды Қан құюды соншалықты жаппай пайдалану реакциялар мен асқынулар санының өсуіне әкелді, оның себебі ретроспективалық талдау, сондай-ақ қазіргі иммунология жетістіктерінің негізінде анық болды. Қазіргі таңда қанды құю ағза тінін транспланттау бойынша жауапты операция ретінде қарастырылады.

Осының барлығы қанды құюға деген көзқарасты өзгертуге негіз болды және қандай да бір патологияда ағзада жетіспейтін нақты қан компоненттерінің орнын толтыру қағидатына негізделген трансфузиялық терапияның жаңа тәсілдері жасалынды. Жекеленген қан компоненттерін алудың жалпыға ортақ әдістерін әзірлеу, оларды түрлі патологиялық жағдайда кеңінен және тиімді пайдалану жаңа алынған қанды құюға айғақтар жоқ деп есептеуге мүмкіндік береді» («қанды және оның компоненттерін құю жөніндегі нұсқаулық, КСРО ДСМ 1986 жылғы 3 желтоқсан»).

– 1990 жылы С (HCV) гепатитінің вирусына алғаш белгілі тестілеу енгізілді;

– 1992 жылы донорлық қанды АИТВ -1, АИТВ – 2 жеке тестілеу басталды;

– 90-шы жылдардан бастап қан компоненттерінің барлық дозаларынан қан компоненттерінің барлық дозаларынан лейкоциттерді бөлудің – лейкофильрлеу орындығы туралы ғылыми пікір-таластар жүргізілді. 1998 – 2000 жылдары лейкофильтрлеу Ұлыбританияда, Канадада, Жаңа Зеландияда, Францияда, Ирландияда, Португалияда және Люксембургта, ал 2001 жылы Германияда донорлық қан компоненттерін өндірудің негізгі талабы ретінде ендірілді;

– 1999 жылы Еуропада және Америкада донор қанындағы ЖИТС және С гепатитінің генетикалық вирус материалын (NAT) тікелей анықтау технологиялары енгізілді.

2001 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шаралар валидациясын қосқанда плазмадағы патогендерді инактивациялау ережелерін мақұлдады, ал 2003 жылдан бастап патогендерді инактивациялау шарасын Еуропа Кеңесі «Қан компоненттерін дайындау, пайдалану және сапасына кепілдік беру жөніндегі нұсқаулықта» ұсынды. 2007 жылы Канадада патогендерді инактивациялау бойынша Жаһандық консенсус-конференция өтті, мұнда қан қызметіне қайтадан пайда болатын гемотрансмиссиялық инфекциялардан қорғаныс ретінде қан компоненттеріндегі патогендер редукциясы технологияларын енгізуді ұсынылды.

Қазіргі таңда қан қызметі трансфузиялық көмектің сапасын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтаудың динамикалық түрде дамып келе жатқан секторы болып табылады. Жұмыс орындарды ақпараттық жүйелер дамуының негізінде барынша автоматтандыру, жоғары технологиялық жабдықтарды пайдалану, шығарылатын өнімнің сапасын басқару жүйесін жетілдіру дамудың бүгінгі даму кезеңінде басым бағыттары болып табылады.

Қан орталығы және емдеу медициналық ұйым арасында трансфузиялық тізбектің ашықтығын, реципиентте донор қанын пайдаланудан кейін салдарды зерттеу мақсатында тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қазіргі қан қызметінің негізгі құрамдадас бөлігі болып табылады.

Трансплантология саласындағы соңғы жылдардағы ғылыми жетістіктер қан қызметі жұмысыдағы процессинг және дін жасушалары банкін жасау, ағзалар мен тіндерді транспланттау жөніндегі операцияларды зертханалық сүйемелдеу деген жаңа бағытты ашады.