Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Трансфузиология туралы

Қазіргі таңда трансфузиологияда – медицинаның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Қанды құю (гемотрансфузия) – науқастың тамырына қанды және оның компоненттерін емдік мақсатта енгізу.

Жоғары технологиялар мен қанды дайындаудың аппараттық әдістерін енгізумен бірге жаңа алынған қанды құюдың орнына оның компоненттеріне дифференцияланған терапия келді. Осылайша, жаңа алынған қанның бір порциясынан бірнеше қан компоненттерін алуға болады – эритроциттер, тромбоциттер, плазма, лейкоциттер, сондықтан донор қанды бүгін бір рет тапсырып, бірнеше науқасқа көмектесе алады.

Қанды құюға кімдер мұқтаж?

Қауіпсіз қан адам өмірін сақтайды және денсаулықты жақсартады.

Қанды құю:

  • жатырдан тыс жүктілік және тууға дейінгі және одан кейінгі қан кету сияқты жүктілік асқынулары кезінде әйелдер;
  • безгек ауруы немесе жеткіліксіз тамақтанудың нәтижесінде дамитын күрделі анемияға шалдыққан балалар;
  • жосықсыз жағдайда күрделі жарақат алған адамдар;
  • хирургиялық операциялар жүргізілетін және онкологиялық аурулармен ауыратын көптеген науқастар үшін қажет

Бұдан басқа, қан гематологиялық ауруларға шалдыққанн адамдарға тұрақты түрде құю, сондай-ақ қан ұю факторлары сияқты өнімдерді дайындау үшін қажет.

Қанды тұрақты жеткізудің қажеттілігі бар, өйткені ол шектелген уақыт сақталады. Қауіпсіз қан жаппай және қажетті жерде үнемі қолжетімді болу үшін дені сау адамдардың жеткілікті саны қанды тұрақты түрде тапсырғаны жөн.

Қан – адам өзге адамға бере алатын ең қымбат сый. «Донор» сөзі латын тілінің donare – сыйлау сөзінен шыққан. Сондықтан донор болып, сіз өмір сыйлайсыз. Себебі Сіздің қанды тапсыру туралы шешіміңіз адам өмірін немесе бірнеше адамның өмірін сақтай алады, мұндай жағдайда қаныңыздан белгіленген аурулары бар пациенттер үшін дербес пайдаланылатын жекеленген компоненттер – эритроциттер, тромбоциттер, плазма бөлінеді.