Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

15.09.2016. Астана ақшамы», «Қан қызметіндегі жаңа шешімдер»- С.Ә. Әдірахманованың сұбхаты.

 Еліміздің қан қызметі өзінің даму жолында қарқынды серпілістер жасауда. Оның басты жетістіктерін немен қортындылайды және болашаққа қандай жоспарлары бар? Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыру (МӘМС) медициналық мекемелер мен оның қызметкерлеріне қандай өзгеріс әкеледі? Осындай және басқа да редакцияның өзекті сұрақтарына Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы директорының бірінші орынбасары Сәния Абдрахманова жауап береді.

 

Сәния Әлішқызы, бәріне мәлім қазіргі таңда қазақстандық қан қызметі табысты және серпінді дамып келеді. Осыған орай осы саланың жетістігіктері мен алда тұрған міндеттерін атап өтсеңіз?  

– Қан қызметін реформалау 2007-2008 жылдары басталды. Мемлекет қан қызметі саласын дамытуға қажетті қаражат бөлінудің арқасында заманауи құралдармен жабдықталған он өңірде 10 қан орталығы салынды. Ал, еліміздің қалған облыстарындағы қан орталықтары да қайта құрылымға негізделіп барлық зертханалық диагностика мен донорлық қанды дайындауға қажетті жоғары сапалы құралдармен жабдықталды. Осылайша, еліміздің қан қызметі 18 мекеме, оның ішінде: екі республикалық қан орталығы, оның бірі – біздің Астана қаласындағы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы (бұдан әрі – ТҒӨО), 14 облыстық және Алматы, Семей қалаларындағы екі қалалық қан орталықтары болып қызмет көрсетуде. Осы құрылым қызметін қайта жаңғырту жүргізудің арқасында оның сапасы мен қауіпсіздігін арттыра түсу мақсаты туындаған болатын.

 – Әрине, жоғары сапалы технологиялармен жабдықтамасақ іс алға жылжымайды. Дегенмен, бүкіл республика бойынша қан орталығы қызметкерлерін кәсіби даярлау немесе қайта даярлау жоспарындағы атқарылған жұмыстар техникалық жабдықтауға қарағанда маңыздырақ емес пе?

– Я, қан қызметін реформалау жүргізген жылдары мамандарымыздың АҚШ және Еуропа сияқты жетекші қан орталықтарында білім алуға мүмкіндіктер туды, ол үшін республикалық бюджеттен қомақты қаражат та  бөлінді. Біздің орталыққа отандық қан қызметінің жұмыстарын үйлестіру бойынша стратегиялық дамуын анықтауға тапсырмалар жүктелген. Бұдан басқа, осы қан қызметі мамандарының білімін жетілдіру бойынша қосымша қызметтеріміз бар. Трансфузиология курсының барлық оқытушылары – шетелден тәжірибе алған мамандар. Олардың көпшілігі бөлімшелерді басқарады және жұмыстарының барлық кезеңінде жинақталған тәжірибелері мен білімдерін дәріс ретінде беріп отырады. Бес жыл ішінде 900 аса адам өзінің біліктілігін жоғарлату оқуынан өтті.  Біз мамандардың талаптарын ескеріп әртүрлі оқу бағдарламаларын ұсынамыз. Алдын ала ұсынылған тапсырыстар бойынша жұмыс істейміз. Қан қызметіне кадр жетіспеушілігінің өзіндік себебі де бар шығар. Мүмкін, еңбекақының төмендігі бұл салаға қызметкерлердің келуін ынталандырмайтын болуы керек.

Сонымен бірге біздің орталық ғылыми-қолданбалы зерттеумен айналысады. Яғни, қазақстандық қан қызметінің жұмысын толығымен дерлік бақылап отырамыз. Қан қызметін дамыту жоғары технологияларды қажет етеді. Сонымен қатар зертханалық зерттеулердің нәтижелерін нақтылап, белгілі бір статистикалық қорытынды жасауға ақпараттар жеткілікті. Біз оларды әртүрлі бағыттарға жібереміз. Мысалы,  зерттеулерді талдау нәтижелері бойынша үнемі қан тапсыратын донорлардың денсаулығын қадағалап отырамыз. Бұдан басқа қан компоненттерінің сапасына және клиникалық құндылығына баға береміз. Тұрақты түрде үнемі қан қызметі жұмысының көрсеткіштерін жинаймыз және де оны өз қызметімізде немесе басқа да мәселелердің шешімін табу кезіндегі талдауларда қолданамыз. Сондай-ақ, орталықтардың қызметтерін жергілікті жерлерде тексеруді жүзеге асыру үшін кестеге сәйкес үнемі өңірлерге шығуды  іске асырамыз. Барлық қан қызметінің жұмысын ұйымдастыру мақсатында оның негізгі құрылымын бірыңғай стандартқа сай қайта құру жүргізілді. Яғни бұл жетілдіру қан сапасын қамтамасыз ету үшін өте маңызды болатын және жұмыс барысына сәйкестендірілген тәсілдемелер жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, донорлық қанды дайындау бойынша 200 астам қан қабылдау пункттерінен бүгінгі күнде барлығы 18 қан орталығы қалды. Бір ғана Алматы қаласында Республикалық қан орталығымен қатар қалалық қан қызметі жұмыс істейді. Семей қаласында халық санының басымдығын ескере отырып,  тағы бір құрылым қалдырылды. Оның сыртында аталмыш өңірде  ірі гематологиялық және онкологиялық клиникаларды бары есепке алынды.

–  Қан қызметінің құрылымында қайта құру нәтижесі мен одан шығатын қорытындысы қандай болмақ?

– Бұл облыстық орталық деңгейінде жоғары сапалы ресурстарға қажетті ең үздік деген технологияларды жинақтауға және білікті кадрларды бір орталыққа топтастыруға көмектесті. Сонымен бірге бұрынғы қалалық орталықтары филиал болып қайта құрылды және бүгінде олар донорлық пункт ретінде жұмыс істеуде. Ең бастысы орталықтандыру жүйесі қан қызметіндегі зертханалық диагностика тәсілдерін стандарттау мен оның бірізділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осыдан, әрбір қан орталықтарында заманауи автоматтандырылған зертханалар құрылды.

– Өңірлік қан орталықтарының зертханаларындағы донорлық қанды диагностикалық зерттеу үдерісіне толығырақ тоқталып, нақтылап айтып өтсеңіз?

– Донорлық қан диагностикасын қан орталығының облыстық зертханалары жүргізеді. Өңірлердегі қан орталықтарының барлығы соңғы үлгідегі медициналық техикалармен жабдықталған. Бұрын қанды талдау зертханаларының техникалары адамға әсері бар жартылай автоматтандырылған болса, қазіргі  кезде бұл жүйе толық автоматты түрде жұмыс істейді. Олар адамның қатысуынсыз іске асады және қан үлгілерінің толығымен реттелу шаралары диагностиканың сапасын арттырады. 2010 жылдан бастап республика аумағында екі кезеңді диагностиканы енгізу басталып, ИФТ (иммуноферменттік талдау) одан соң ПТР-талдау жүргізіледі. Бұл түрлі жұқпаны анықтаудың жоғары денгейін және жұқпаны қоздырушыларды анықтау мүмкіндігін арттыра түседі. Және бұл әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді.

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап диагностиканың бұл стандартын қолдану Қазақстанның барлық қан орталықтары үшін міндетті болып саналады. Қан орталықтарының жұмысын толық бақылау үшін зерттеу сапасын сырттай бағалау бағдарламасы енгізілген. Оның тәжірибе жүзіндегі көрінісі мынандай: біз анықталған параметрлерімен (мысалға, ақуыз және гемоглобин деңгейімен) қан үлгілерінің панелін құрамыз және оларды өңірлерге таратып отырамыз. Жергілікті жерлердегі мамандар оларды өздерінің талдауыштарында өңдейді және олардың қортындылары біздікімен сәйкес келіп рұқсат етілген белгінің шегінен шықпаған болса, онда зертханалар өзінің жұмысын ойдағыдай орындағаны. Немесе қортындылары өзгеше болып шықса, онда мамандармен тыңғылықты жұмыс істеу керек болады. Біз үлгілерді қан қызметінде қолданатын әртүрлі бағыттар, соның ішінде жұқпа бойынша дайындаймыз.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы өңірлік орталықтардың жұмысын қадағалап отырасыздар, ал сіздердің жұмыстарыңызды кім бақылап отырады?

– Біздің орталық сапаны бағалау халықаралық бағдарламасының бес бағытына қатысады. Шетелден келетін диагностика жасау сұраныстарын шешіп беріп отырамыз. Сондай-ақ сәйкесінше өзіміздің мұрағаттардағы біз үшін референс болып табылатын қан үлгілерін шетел зертханаларына жіберіп отырамыз. Әзірге анықтауға берілгендерді қабылдамаған уақыттары болған емес. Бұл   халықаралық деңгейде өз біліміміз бен қызметіміздің  сапасына сенімді болуымыз үшін қажет.   Бұл пациентке қан құю кезіндегі талдау жасаудың дұрыс нәтиже беруіне және қан компоненттерінің қауіпсіздігіне сенімділік береді. Міне осы  – біздің қан қызметін реформалау кезеңіндегі басты жетістігіміздің бірі болып табылады деп айтуға болады.  .

         – Қазіргі уақыттағы қанға талдау жасаудың нәтижелеріне қаншалықты сенуге болады?

Қазіргі уақытта диагностика жасау өте сапалы жүргізілуде, сондықтан толығымен сенуге болады деп айта аламын.

– Сәния Әлішқызы, отандық қан қызметінің жетістіктері  айтарлықтай артып келеді, десек те орталықтың алдында қандай мәселелер туындауда  және оның қортындылары келешекте қандай болмақ?

Иә, бірқатар мәселелер бар, дегенмен ең дұрысы мұны соншалықты мәселе деп қарамай, бүгінгі даму барысындағы жетіспеушіліктің бірі – республика бойынша бірыңғай ақпараттық қордың жоқтығы болып тұр. Бұл мәселені әрбір қан орталығы жергілікті қор құру арқылы өздігінен шешіп отыр. Республикалық қан орталықтары мен  донорлық қанды құятын клиникалардың іргелес қызметтерін бір орталыққа біріктіретін бірыңғай ақпараттық платформа құра алатын болсақ, қан компоненттерін дайындауға, тексеруге және сақтаудың барлық өндірістік үдерістерін автоматтандыруға мүмкіндік туар еді.  Ал ол өз кезегінде  тұтынушыларды толық ақпаратпен қамтамасыз етіп, емдік-профилактикалық мекемелердегі қан қорларын басқаруға әсерін тигізер еді. Біз қалағандай қарқынды болмаса да осы бағыт бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде қалай шешілуі мүмкін?

– 2015 жылы ҚР Денсаулық сактау және әлеуметтік даму министрлігі бірыңғай мәліметтер базасын құруға қаражат бөліп, конкурс жариялаған болатын. Қазіргі уақытта келіп түскен ұсыныстарды талдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы базаны құрудың негізгі мақсаты – ауруының тарихын қамтитын қан тұтынушыларының донорлық базасымен оның рециптенттерінің қатынасын байланыстыру болып отыр. Басқаша айтқанда, бізді қоса алғандағы еліміздің барлық қан орталықтарын және қанды қайта құюға мұқтаж адамдар туралы ақпараттар беретін клиникалардың ақпараттық жүйесін біріктіру қажет. Айта кеткен жөн, барлық ақпараттар құпия түрде сақталады. Осы міндеттерді шеше алсақ, қан қызметінің қуаты арта түседі деп үміттенеміз.

– Ал сіздің  орталықтың жетістіктері ТМД елдерінің құрылымына сәйкес келе ме  және халықаралық деңгейдің аясында қалай көрініп жүр?

– Астанада қаласында ағымдағы жылдың маусым айынының басында ТМД және Балтық жағасының 11 елінің қан қызметі басшылары мен мамандарының қатысумен 3 күндік халықаралық семинар өткіздік. Осындай шетелдік мамандардың көп құрамының қатысуымен жоғары деңгейде бірінші рет өткізіліп отыр. Шетелдік әріптестеріміз біздің жұмысымыздың нәтижесіне қатты таңғалғандарын жасырған жоқ. Олар біздің ТМД деңгейінде қан қызметі саласында алдыңғы қатарда екенімізді бірауыздан мойындады. Біз үшін бұл үлкен құрмет. Және де ең маңыздысы бұл қазақстандық мамандардың кәсіби деңгейінің дамуы – адами қабілетінің ойдағыдай даму қарқынының белгісі екенін көрсетеді. Біз халықаралық стандартқа біріктік. Айта кетсек, біздің отандық қан қызметінің жасап жатқан жұмыстарының нәтижелері алыс шетелдер – АҚШ, Германия, Ұлыбритания   сарапшыларының жоғары бағасына ие болып келеді. Донорлық, ғылыми зерттеу және клиникалық трансфузиологияны дамыту саласында ынтымақтастық туралы ұсыныстар түсе бастады.

– Республика және Астана қаласы бойынша еріксіз өтеусіз қан донорлығының дамуы туралы бір-екі ауыз сөз айта кетсеңіз.

– Бүгінде Қазақстан бойынша қан донорлығының жетіспеушілігі байқалмайды. Ескере кетсек, донордың үш санаты бар. Шынайы ерікті донорлар – олар өз еріктерімен өтеусіз қан тапсырады. Сондай-ақ, ауру адамдардың туыстары ақылы негізде қан тапсырады. Біз оларды донорлық -туыстық деп атаймыз. Біз ерікті донорлардің көбеюінен емханадан пациенттердің туыстарын жібермеуді сұраймыз. Бірақ бұл елімізде дағды ретінде донор болудың қиындықтары сол заманнан қалыптасып қалған. Сонымен қоса ақылы донорлар бар, біз оларды шақыру бойынша қан тапсыруын сұраймыз. Ол адамдардың көпшілігі уақыттарын бөліп қанның жекелеген компоненттерін өткізуге келісімін береді. Әдеттегідей,  тромбоциттердің сақталу мерзімі 5-7 күнді құрайды. Бір жылдың ішінде 12 мыңнан аса дозада тромбоциттер дайындаймыз. Жалпы, қан компоненттерін алу және сақтау еңбекті көп қажет ететін жұмыстың бірі болғандықтан, біз оларды әрдайым шақырып отырамыз. Өтеусіз донорлар ортасында ондай адамдарды табу оңайға соқпайды. Қазіргі уақытта ерікті донорлардың саны көбейіп жағдай түзеліп келеді. Реті келгенде айта кеткен жөн, Астана қаласында донорлық белсенділіктің көрсеткіші – 1000 адамға шаққанда 54 адам, ал бұл  бұрын республика бойынша орта есеппен 1000 адамға 17 адам болатын. Қазақстанның жекелеген облыстарында ол одан да төмен – 1000 адамға шаққанда 9 адам. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдары (ДДҰ) 1000 адамға шаққанда 20-25 адам деңгейінде донорлық белсенділікті сақтауды ұсынады. Әңгімемізді аяқтай келе, осы газет оқырмандарына – біздің орталыққа келіңіздер деп назар аударғым келеді. Біздің есігіміз аптаның жеті күнінде сіздер үшін ашық. Астанадағы біздің мекенжайымыз: Жәнібек, Керей хандар көшесі, 10. Қан тапсыру үшін міндетті түрді түс уақытына дейін келу міндетті, анығырақ айтсақ сағат 8.30 бастап сағат 13.00 дейін жүргізіледі. Оның басты себебі түскі асты тойып ішуден қан құрамы өзгеріп сапасының төмендігін көрсетуі мүмкін. Айта кететін жәйт, тұрақты қан тапсыру ағза үшін пайдалы болмақ. Бұдан басқа, мұқтаж адамдар үшін қан тапсырғаннан кейін сіз қандай қайырымды іс істегеніңізді сезінесіз және де бұл алған моральдық сезіміңізді бағалау мүмкін емес.

– 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР міндетті әлеуметтік медицина сақтандыр енгізіледі деп күтілуде, мұның медициналық ұйымдар мен олардың қызметкерлеріне тигізер пайдасы қандай болмақ.?

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу денсаулық сақтау саласын қамтамасыз ететін қаржыландыруды реттеудің жаңа жүйесін енгізу дегенді білдіреді. Осыған орай қан қызметі де өзінің жұмысын жаңа жағдайға сәйкес қайта құру керек. Донорлық қанды дайындаумен айналысатын барлық ұйымдар үшін қан компоненттерінің бірыңғай тарифі әзірленетін болады. Ол қан қызметі жұмысын  қаржыландырудағы оның көлемін анықтау тәсілдерін стандарттауға және емхана мекемелерінің донорлық қанды қамтамасыз ету тапсырыстарын қанағаттандырып денсаулық сақтау шығындарын тиімді етуге мүмкіндік береді.

Егер денсаулық сақтау жүйесін тұтасымен айтар болсақ, МӘМС енгізуден көрсетілетін мекемеаралық қызметтің көлемін балама қаржыландыруға мүмкіндік туады. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің еңбекасын көтеріп, еңбек нәтижесі бойынша еңбекақы төлеу жүйесі енгізіледі. Медициналық ұйымдарда тәжірибе алмасу үшін отандық және шетелдік білікті мамандарды инвестициялауға рұқсат берілетін болады. Айтып өткеніміздей, медицина қызметкерлері өзінің еңбегінің нәтижесі бойынша еңбекақы алатын болады. Олардың жаңа технологияларды меңгеріп біліктілігін арттыруға, материалдық көтермелеу ретінде қосымша әлеуметтік пакет алуға және еңбек жағдайын жақсарту үшін мүмкіндіктері мол болады. Бұл үшін үмітіміз зор. Бірақ, жобаның қаншалықты сәтті боларын уақыт көрсетеді.

– Әңгімеңізге рахмет.