(Тіркеу орны) +7 7172 57-04-34
+7 7172 57-04-14

(Қабылдау бөлімі) +7 7172 54-33-00
bc.ast@mail.ru

Советы будущим донорам!

Қан тапсырғаннан кейін алкогольдік ішімдік ішу тамыр реакцияларының, ауыр асқынуларының пайда болуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР
САУАЛНАМА
  1. По вашему мнению донорство - это...
    1. гражаданский долг каждого - 315 (82.25%)
       
    2. нужная процедура, но может и подождать - 59 (15.40%)
       
    3. бестолковая трата времени и здоровья - 9 (2.35%)
       
    4. ненужная процедура (спасение утопающих - дело рук самих утопающих) - 0 (0%)
       


Жалпы ақпарат


Қан қызметі – халыққа күттірмейтін және жоғары мамандандырылған көмек көрсетуде трансфузиялық терапияның қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін денсаулық сақтау жүйесінің маңызды салаларының бірі.

Республикалық қан қызметінің құрылымы: Астана қаласында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, Алматы қаласында Республикалық қан орталығы, 14 облыстық қан орталығы, Семей және Алматы қалаларының қалалық қан орталықтары.

Барлық қан орталықтарында донорлық қанды және оның компоненттерін дайындаудың тиімді аппараттық әдістері – донорлық плазмаферез, донорлық цитаферез (қан жасушаларын дайындау – эритроциттер, тромбоциттер, гранулоциттер, перифериялық дің жасушалары) пайдаланылады.

Қан  компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қан компоненттерін зертханалық зерттеуде қан қызметі үшін валидацияланған және сертификатталған стандартты екі кезеңдік скрининг (ИФТ+ПТР) пайдаланылады. Бүгінгі күні донорлардың саны 1000 адамға шаққанда 18 адамды құрайды, бұл жылына шамамен 280 мың донацияны құрайды. Алайда, осы көрсеткіш жыл сайын 5%-ға өсуде. 

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне бағынысты мемлекеттік ұйым.  

Бұл республиканың қан қызметінде жетекші ұйым, оның міндеттері мынадай:

- Астана қаласы медициналық ұйымдарының қан компоненттеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру;

- республиканың қан қызметінің жұмысын үйлестіру және бақылау;

- трансфузиология саласындағы нормативтік, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстары. 



Яндекс.Метрика