Білім беру бағдарламалар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның білім бағдарламалары бөлімі

ТҒӨО базасында өндірістік және клиникалық трансфузиология мәселелері бойынша қайта даярлау мен біліктілікті арттыру циклдері жүргізіледі, мұнда ең жетік материалдық-техникалық және профессорлық-оқытушылық құраммен жасақталған «Трансфузиология» курсы өтеді.

ТҒӨО жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын (резидентура), сондай-ақ қосымша кәсіби білім бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдары мен ғылыми ұйымдар қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес оқытушылық құраммен жасақталған.

ТҒӨО-да жоғары және орта білімі бар шамамен 200 маман жыл сайын білім алады.

Тыңдаушыларға жұмыс орнындағы практикалық сабақтар да ұсынылады.

Байланыс телефоны: +7(7172) 54-33-00, ішкі 177