Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Иммуногенетика және тіндерді типитеудің өзекті мәселелері

 

2018 жылдың 20 маусымы Астана қаласы Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығының ұжымы 2018 жылдың 30-31 мамырында Санкт-Петербург (Ресей) өткен «Иммуногенетика және тіндерді типитеудің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми конференция қорытындысын талқылады.

Иммуногенетика және тіндерді типтеу бөлімшесінің дәрігері Индира Рамильевна баяндама жасады.

Өз баяндамасында Р.Р. Индира иммуногенетика және тіндерді типтеу дамуының өзекті бағыттарын атап өтті:

  • Иммуногенетикалық зерттеудің жаңа бағыттары;
  • Зертханалық зерттеулердің жетілдірілуі;
  • Оптималды донорды таңдаудың мәселелері
  • Трансплантаттың сіңісуін бағалау үшін трансплантациядан кейін зерттеу;
  • Генотиптердің әртүрлілігі және гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау үшін донор-реципиент жұбын таңдау стратегиясы;
  • Донорларды іздеу ерекшеліктері және т.б.
  • Онкогематологиялық және генетикалық ауруларды емдеудегі гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантацилаудың рөлі және т.б.

Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығы зертханасы ұсынған жұмысы туралы пікірлер мен алған әсерлерімен, сонымен қатар Орталық зертханасының жұмысына қызығушылық танытқан шетелдік әріптестердің әсерімен бөлістім.