Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

(RU) акции «Сдай кровь – подари жизнь!» в Отеле Regis

Бүгін 2018 жылғы 23 мамыр күні Отель қызметкерлері «Қан тапсыр – адам өмірін сақтап қал!» қайырымдылық донорлық акцияға  белсене қатысты.

Қан орталығының көшпелі бригадасы таңертеңнен бастап Regis отелінің аумағында өз  қызметін ұйымдастырды, мұнда компания қызметкерлері қанға мұқтаж адамдарға қан тапсыру үшін кезекке тұрды.

Акция қатысушылары алдын-ала медициналық тексеруден өтті: гемоглобин деңгейін, қан тобы мен резус-факторды анықтау. Донациялаудан кейін қызметкерлер акцияны печенье мен шай ішіп талқылады, тәтті шай мен печенье организмнің әл-ауқатын қалпына келтіру үшін қажет.

Мұқтаж адамдарға қол ұшын созғаны өте маңызды. Себебі қан әрдайым керек болып отарады. Донорлық — бұл басқа адамға көмектесу немесе өзгенің өміріне араша түсу мүмкіндігі болып табылады. Қызметкерлердің әрқайсысы игі іске үлес қосқанын сезінді. Олардың арасында қанды алғаш рет тапсырғандар да болды.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы қанды өтеусіз тапсырған адамдардың барлығына алғыс білдіреді.