Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Астанада «Қанның ерікті өтеусіз донорлығын дамытудың өзекті мәселелері» атты III Еуразиялық конгресі өз жұмысын аяқтады.

Қан құю саласында мұндай ауқымдағы халықаралық оқиға Қазақстанда бірінші рет жүргізілді. 19 елдің өкілі аталған іс-шараға қатысты.

Іс-шара ұйымдастырушылары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы, «Трансфузиологтар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі және Еуразиялық медициналық қауымдастығы, ұйымдастырушының ресми серіктесі «Астана Конвеншн Бюро».

Конгресті Халықаралық қан құю қоғамы – ISBT (International Society of Blood Transfusion) қолдады. ISBT қан құю саласындағы кәсіпқойларды байланыстырады және дүниежүзіндегі қан құю практикасын дамыту мақсатында біліммен алмасуға септігін өз тигізеді, сондай-ақ әлемдік стандарттар мен нормативтерін әзірлейді.

Конгресті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ашты, ол өз сөзінде Қазақстандағы қан қызметі мәселелеріне мемлекет тарапынан айрықша назар аударылатынын айтты. Қазақстандағы қан қызметіне жүргізілген жүйелік реформалаудың нәтижесінде бүгінгі күні елімізде аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейтін 18 қан орталығы қызмет етеді. Донорлық қанның трансфузиялық инфекциялар скрингіне қатаң талаптар қойылған ұлттық стандарт әзірленді: екі кезеңдік скрининг жүргізу (ИФТ+ПТР) және толық автоматталған талдауыштарды пайдалану. Посткеңестік кеңістік аумағында мемлекет ауқымындағы мұндай стандарт Қазақстанда ғана әрекет етеді.

Елжан Біртанов Халықаралық қан құю қоғамының халықаралық медициналық қауымдастықты шоғырландыруға, денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін шешудегі жалпы тәсілдерді пысықтауға бағытталған қызметін ерекше атап өтті

Халықаралық қан құю қоғамының (ISBT) Президенті Рави Редди Қазақстанда трансфузиологияның дамуына жоғары баға берді. Өз сөзінде ол: «Мен Қазақстандағы қан қызметінің екі жетістігіне айрықша құрметпен қараймын: инфекциялар скринингінің автоматталған екі кезеңдік скринингілеу жүйесі посткеңестік кеңестікте алғаш рет енгізілді. Бұл бірегей жүйе болып табылады және реципиентке инфекция жұқтыра алатын патогендерді анықтайды және екінші жетістігі – Қазақстан патоген-редукцияланған тромбоциттер беруді ендірген әлем бойынша үшінші мемлекет – оған дейн ол Швейцария мен Бельгияда ғана болды, осыдан кейін аталған клубқа Франция да қосылды. Бұл аса маңызды, өйткені қазіргі кезде онкологиялық және гематологилық ауруларға шалдыққан, жоғары сапалы қан компоненттерін қажет ететін иммунокомпрометирленген пациенттердің саны көп. Олардадың иммундық жүйесі әлсіреді және де қандай да бір әсер етілген болса, пациентте күрделі инфекция дамып, негізгі ауруды емдеу жоққа шығарылады.», – деді.

Конгрес шеңберіндегі пленарлық отырыстың аясында Қазақстан, Ресей, Белорусия, Жапония, АҚШ, ОАР және басқа да мемлекеттердегі қан қызметінің жағдайы туралы бірнеше баяндама жасалды.

ҚР штаттан тыс трансфузиологы Жандос Қонысұлы Бүркітбаев Қазақстандағы қан қызметін реформалаудың тәжірибесі туралы баяндама ұсынды, ISBT Президенті доктор Рави Реди (ОАР) өз баяндамасын «Трансфузиялық медицинадағы стратегиялар. Қан жеткізуді басқару» тақырыбына арнады, доктор Джед Горлин (АҚШ) «Американдық қан банкілерінің қауымдастығының жаңа халықаралық стандарттары» тақырыбында өрбітті, доктор Шмидт Михаэль (Германия) донорлық қан скринингін автоматтандыру туралы сөз сөйледі, Эйхлер Ольга Валерьевна және Карпенко Федор Николаевич Ресей мен Белорусиядағы қан қызметінің жетістіктері туралы сөз сөйледі.

Конгрестің екінші бөлігі «Түрлі мемлекеттерінің қан қызметінің жалпы халықаралық және ұлттық ерекшеліктері» деп аталатын дөңгелек үстел басында өтті, оның барысында трансфузиялық медицина саласындағы жетекші сарапшылар  Рави Реди, Мигель Лозано, Жибурт Евгений, Мазда Тошио, Джед Горлин, Микаэль Шмидт, Ричард Бенджамен және өзге де мамандар қан қызметінің өзекті мәселелерін талқылады, Конгресс сұрақтарына жауап берді. Қан құю саласындағы жетекші мамандарының кездесуі қызықты дискуссиялар мен белсенді талқылаулар форматында өтті.

Келесі күндері Конгресс жұмысы мынадай бағыттардағы секцияларда жалғасты: донорлық қан компоненттерін клиникалық пайдалану, өңдірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері, трансфузиялық медицинадағы зертханалық диагностика, қан қызметінің жұмысын жетілдіру, қан жүйесінің онкологиялық ауруларында гемопоэздік дің жасушаларын (ГДЖ) транспланттаудың өзекті мәселелері, ГДЖ донорларының тіркелімін дамыту.

Конгресс шеңберінде 2018 жылғы 2-3 және 6 сәуір күндері трансфузиялық медицина мен иммуногенетика саласындағы жетекші мамандар мастер-кластар жүргізді, олар мынадай бағыттағы шеберлік пен жұмыс тәжірибесімен алмасты: «Тромбоциттердің ерітілілген факторларымен байытылған плазма және оның дериваттары: алу және медициналық пайдалану», «Тіндерді иммунологиялық типтеу зертханаларын Еуропалық иммуногенетиктер федерациясы стандарттар сәйкестігіне аккредиттеу», тренингілер жүргізілді және түрлі мемлекеттердегі мамандар ұсынған стенділік баяндамалардың көрмесі өтті.

Конгресс қатысушылары Қазақстандағы қан қызметінің жұмысы және құрылымымен Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының үлгісінде бөлімдер мен зертханаларда жүргізілген экскурсия барысында танысты.

Конгресс соңында қарар жобасы талқыланды, оның негізгі ережелері ЕЭО және Конгресс жұмысына қатысқан көрші мемлекеттерінің аумағында трансфузиялық медицинаның сапасы мен қауіпсіздігін одан әрі арттыруға бағытталған.

 

Конгрестің материалдары мына жерде:

PDF-дегі презентациялар:

Тезистер жинағы:

Конгрестің шешімі: https://spct.kz/wp-content/uploads/Резолюция-Конгресса.pdf

Фотогалерея 3 – Еуразиялық конгресс: https://cloud.mail.ru/public/F7mz/Y3CMujGgi