Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Нұр-Сұлтанда донорлық және қан өткізу қауіпсіздігіне арналған баспасөз туры өтті

Бүгін БАҚ өкілдері, қаланың медициналық ұйымдары Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған ашық есік күні барысында ТҒӨО зертханасының жұмысымен танысып, трансфузиялық терапия қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сұрақтарға жауаптар алды. Баспасөз турының шеңберінде донорлық қанды алу, өңдеу, қан жинау кезеңдері мен тестілеу және оның компоненттерін сақтау жүйесі көрсетілді.

Акцияға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева және ҚР алғашқы денсаулық елшісі, грек-рим күресінен олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко қатысты.

Денсаулық сақтау вице-министрі донорлықтың денсаулыққа аз пайда тигізбейтініне қатысушылардың назарын аудартты. «Бұл дегеніміз жүрек пен қантамырлары ауруларының, иммундық және ас қорыту жүйесі, бауыр мен ұйқы безі қызметі бұзушылықтарының алдын алу», – деп атап өтті.

ҚР Денсаулық елшісі Юрий Мельниченконың айтуынша, адамдардың көбі донор болуға ұмтылуы қажет, өйткені күн сайын мыңдаған адамдар өмірлік айғақтары бойынша донорлық қанға мұқтаж болуда. Донорлық – бұл кәсіп не жұмыс емес, бірақ донорлар қаншама өмірді құтқару үшін өз үлестерін қосуда. Сол үшін де,  «донор» сөзі, “donare” латын тілінен алғанда  беру дегенді білдіретіні бекер емес.

ТҒӨО директоры Сәния Әбдірахманова өндірістік қызметте қолданылатын зертханалық тестілеу және донорлық қанды қайта өңдеу технологиялары АҚШ пен Еуропада қолданылатын шетел аналогтарынан кем емес екендігін айтты.

«Халықаралық стандарттарды тиімді енгізу ерікті түрдегі ақысыз қан донорлығын дамыту бойынша қызметтің негізгі көрсеткіштерін жақсартуға, 2013 жылдан бастап заңнамалық негізде міндетті түрде екі әдіспен (ИФА+ПЦР) жүргізілетін трансфузиялық инфекциялардың бар-жоғына донорлық қанға зертханалық скрининг жасау жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді.  2010 жылдан бастап орталық базасында қанды зертханалық диагностикалауда жабық типтегі автоматты талдамалық жабдықты толығымен қолданатын екі кезеңдік скрининг қолданылады, бұл донорлық қанды диагностикалаудағы қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Сәния Әбдірахманова.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Уәлихан Ахметов сау қанды құюдың көмегімен ғана көптеген науқас адамдардың өмірін құтқарып қалуға болатындығын айтты. Сондықтан, бүгін таңертеннен бастап мен және менің әріптестерім қан өткіздік. «Өмір тамшысымен» бөлісетін адамдардың саны көп болғанын қалаймыз. Қанды өткізген кезде оның мөлшерін ағза тез арада қалпына келтіреді. Ағзаның эндокриндік және иммундық жүйесі жақсы жұмыс істейді. Жиі қан өткізетін адамдар суық тию және тұмау ауруларымен аз ауырып, онкологиялық және жүрек-қантамыр ауруларына сирек шалдығады. Донорлық адамның психикалық денсаулығына да жақсы ықпалын тигізеді.

ТМД аумағында тек Қазақстанда ғана донорлық қанды зертханалық диагностикалаудың екі кезеңдік стандарты қабылданғанын  атап өту қажет. Қазақстан – донорлық тромбоциттерге компоненттерді 100% инактивациялауды енгізген әлемдегі үшінші ел. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Республикасының қан қызметі ТМД елдері арасында оның дамуы бойынша көшбасшы болып танылуда.

Қан құю гематология, онкология, жан сақтау, хирургия, транплантация, күйік алу, босану бөлімшелерінің пациенттеріне қатты қажет.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ұйымдастырған көшпелі донорлық акция барысында Министрліктер үйінде орналасқан ұйымдардың 40-тан астам қызметкері, олардың ішінде 20-дан астам ҚДСҰО-ның қызметкерлері қан тапсырды.