Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Достық үйінде «Қан тапсыр да, адам өміріне араша түс!» атты акция өткізілді

Бүгін, елордадағы Достық үйінде «Қан тапсыр да, адам өміріне араша түс!» атты акция өткізіліп, оған Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, елорда тұрғындары мен жалпы еріктілер қатысты.

Акция ұйымдастырушысы-Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Акция өткізудегі негізгі міндет-адамдардың өміріне араша болу үшін қоғамды ақысыз түрде қан доноры болуға шақыру. Әрбір азаматтың өз еркімен қан тапсыруының жүйелілігін қалыптастыру.

Бұл акция жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Өткен жылы осы игілікті шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп өткізілген болатын. Атап өту керек, осы жолы да елордамыздағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері донор болуға белсенділік танытты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне жүгінсек, елімізде жыл сайын 200 мыңнан артық адам қан тапсырады және олардың шамамен 18 мыңы қанды 3 реттен артық тапсырған. Нұр-Сұлтан қаласының өзінде жыл сайын шамамен 40 донациялау жүзеге асырылады. Сонымен бірге, елімізде жылына 360 мыңнан артық доза қан құйылады екен. Осындай ауқымды жұмыстардың тиісті дәрежеде орындалуына Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы да өз үлесін қосуда.

БЕЙНЕ