Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Казпошта» АҚ-да Донор күні

«Казпошта» АҚ қызметкерлері бірнеше жыл бойы донорлықтың корпоративті дәстүрлерін қолдайды. 13 шілдеде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі бригадасымен бірге «Өмір сыйла» атты Донор күнін атап өтті.

Осы жылы акцияға мұқтаж адамдарға көмектескісі келетін 30-дан аса адам қатысты. Қанның ауыр сырқатын емдеуге жұмсалатын донорлық қанның шамамен 13 литрі жиналды.

Донор күніне қатысқан барлық қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз және көшпелі топтың дәрігерлеріне рақмет айтамыз!