COVID-19

«Еуразиялық тобы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  қатысуымен өткен   Донор  күні

 Үстіміздегі жылдың 12 мамырында «Еуразиялық тобы» (Еurasian Resours Group) ЖШС-ң  астаналық офисінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының  (ТҒӨО)  көшпелі тобының  ұйымдастыруымен  Донор күні өтті.  Не барлығы  36  донордан  16,2   литр   қан  алынды.

ТҒӨО сайт  редакциясының сұрақтарына «Еуразиялық тобы» ЖШС (ERG)  еңбек қатынастары мониторингі және әлеуеттік жұмыс бөлімінің бастығы Наталья  Габибова мәлімдегені:

  • Донор күнін өткізу туралы бастамаға компания офисінің  60 артық қызметкер  қолдау көрсетті.  Ал  акция өткізу күнінде,  яғни бүгін  өтеусіз негізде донор болуға тағы да бірнеше қызметкер тілек білдірді.  Біз  олардың игілікті әрекеттерінің осындай қайырымды дәстүрді ілгері бастыруға мүмкіндік болғанына қуаныштымыз. Қан тапсыру бойынша акция компанияның ірі  кәсіпорындарында   жылына 2 рет өткізіледі.  Астаналық офисте  алғаш рет  өткіліуі.  Барлық қызметкерлер ішкі коммуникациялық құралдар арқылы алдын ала қан тапсыру бойынша рәсімнің барлық ерекшеліктері туралы, соның ішінде оған дайындалу бойынша іс-шаралар туралы, кім донор бола алатыны туралы,  тағыда басқа  жайттардан хабардар етркен болатынбыз.  Сондай-ақ жұмыс беруші донация күні донорға  демалыс  берілетінін және  қосымша тағы бір күн   оның өз қалауы бойынша алтынын,  атап айтты, ол.

Анықтама: Еуразиялық тобы өзінің тарихын 1994 жылы, Қазақстан Республикасы аумағында компания акционерлері бірінші активті сатып алғаннан бастады. Содан бері ERG табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші әртараптандырылған компания болды.

Еуразиялық тобының негізгі бағыттары: минералдық ресурстарды өндіру және өңдеу, металлургия, энергетика, логистика,машина құрастыру және басқалар. Компания Қазақстан Республикасы аумағында келесі өндірістік  активтерді басқаруды жүзеге асырады: Қазхром ТҰК, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКБӨБ), Қазақстан Алюминий, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуразиялық энергетика корпорациясы (ЕЭК), Шұбаркөл көмір және «ТрансКом» ЖШС, еліміздің т.б. ірі кәсіпорындары.