Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ДЕПУТАТТАР ҚАН ОРТАЛЫҒЫНДА!

2020 жылғы 5 қаңтар күні ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Михаил Чирков, «Nur Otan» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясы Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызы Әлімғазина Трансфузиология ғылыми — өндірістік орталығында болды.

Халық қалаулыларының келуінің негізгі мақсаты Орталықтың еңбек ұжымымен кездесу болды. Кездесу барысында депутаттар қатысушыларды мұқият тыңдап, барлық сұрақтарға жауап берді.

Әлеуметтік сипаттағы ең маңызды мәселелер — жас мамандарға арналған тұрғын үй, қарбалас сәттерде автобустардың жүктемесі, медициналық ұйымдарға жақын жерде жылы аялдамалардың болуы, сонымен қатар көптеген адамдар мектептердің толып кетуі және балабақшаларда орын алудың қиындығы, бір уақытта екі және одан да көп бала үшін бір өтінім бойынша және т. б. сұрақтар қызықтырды.

Сондай-ақ, қонақтар үшін қан орталығына шағын экскурсия ұйымдастырылды. Оның барысында қан қызметінің жұмысы, сондай-ақ пациенттер үшін трансфузиялық терапияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және донорлықтың қауіпсіздігі көрсетілді. Экскурсия Инфодонор жүйесін (донорлардың электрондық дерекқоры) көрсетумен басталды, одан кейін қан компоненттерін дайындаудың аппараттық технологиясы және инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологиясы көрсетілді. Бұдан әрі трансфузиялық инфекциялардың болуына донорлық қанды зерттеуді жүзеге асыратын референс зертханасының жұмысы көрсетілген. Сонымен қатар, депутаттар гемопоэздік дің жасушаларын қоса алғанда, ағзалар мен тіндерді транспланттауды зертханалық сүйемелдеу үшін HLA-зерттеулер бойынша қызметтердің толық спектрін жүргізетін тіндерді иммунологиялық типтеу бөлімшесіне барды.

Сонымен қатар, депутаттар осы күні қан тапсыруға келген донорлармен сөйлесе алды.

Донорлар депутаттармен кездесу барысында трансфузиология орталығында донорлар үшін барлық жағдай жасалған және олардың көпшілігі үнемі қан тапсыруға келетіндерін айтты.

Депутаттар донорларға зор денсаулық, ал трансфузиология орталығының ұжымына Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау ісінде шығармашылық табыс тіледі.