Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ДОНОР БОЛУ –ИГІ ІС!

Осыған дейін шетелде бірнеше рет донор атанған едім. Бүгін өз елімде Нұр-Сұлтан қаласындағы Қан орталығында алғаш рет қан тапсырдым. Осы орайда Қан орталығының қызметкерлеріне зор алғысымды білдіргім келеді, мұндағы қызметкерлер өте сыпайы және нағыз өз ісінің шеберлері. Қан тапсыру процессі көп уақытты алмайды және өз денсаулығынды да шағын тексерістен өткізе аласың, себебі тек дені сау адам ғана донор бола алады.
Барша достарымды, әріптестерім мен ниетті жандарды нағыз игілікті іске қатысуларыңызды шақырамын!