«Егер сіз коронавирустан емделіп шықсаңыз, бір жерде отырмаңыз, донор болыңыз, сіздің қаныңыз басқа біреудің өмірін құтқара алады»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы коронавирустық инфекциясынан емделіп шыққан адамдардан плазма дайындауды басталғаны туралы хабарлайды

Коронавирустан емделіп шыққан адамдардың қанында ауру жұқтырған пациенттерді емдеуде әлеуетті түрде көмектесетін антиденелер бар.

Емделіп шыққан адамдардан алынған плазманы құю кез-келген инфекциялық ауруларды емдеудің тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл жаңа әдіс емес: дәрігерлер әлемде әртүрлі инфекциялық аурулардың өршуі кезінде плазма құюды сәтті пайдаланған.

Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы плазманы Германияда, Францияда, АҚШ-та, Ресейде және басқа да елдерде қолданады.

Қытай науқастанған адамдардың плазмасын пайдаланудың жақсы нәтижелерін көрсетті.

Бұл қалайша жұмыс істейді

Ауру барысында адам организмінің иммундық күші белсендіріледі және онда ауру қоздырғыштарына қарсы антиденелер өңдіріледі. Сауыққаннан кейін бұл антиденелер қан плазмасында қалады. Сондықтан оны ауыр халдегі науқасты емдеу үшін пайдалануға болады.

Бұл ретте, науқастарда өз иммундық жүйесін толық іске қосуға және антиденелердің пайда болуына дейінгі уақытты ұтып алуға мүмкіндік беретін пассивті иммунитет пайда болады.

Донорларды мынадай талаптар бойынша іріктейді: COVID-19 инфекциясына шалдыққаны туралы медициналық қорытындының бар болуы, COVID-19, АИТВ, В және С гепатиттеріне, мерезге талдаудың теріс нәтижелері.

Емделіп шыққандар қатарынандағы еріктілер сауыққаннан кейін 14 күн өткен соң плазманы тапсыруға шақырылатын болады.

Плазма бір донордан плазманың 2-3 емдік дозасын бірден алуға мүмкіндік беретін аппараттық әдіспен алынады. Бұл өте қарапайым және қауіпсіз процесс. Бұдан әрі, стандарттық ережелерге сәйкес вирустық және бактериялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін плазманы амотосален және ультракүлгін сәулелендіру әдісімен вирусинактивациялау жүргізілетін болады.Қалыптасқан жағдайда донорлардың көмегі айрықша маңызды. Осы пандемияны біз бірге ғана  жеңе аламыз.

Қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққан адамдардың өмірі сіздің қолыңызда, шетте қалмаңыз. Сіздің плазмаңыз – бұл құтқарылған өмір!

Егер Сіз COVID-19 емделіп шықсаңыз бізге хабарласыңыз.

Байланыс ақпараты: Нур-Султан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 10 үй, анықтама телефоны:

8 (7172) 54 33 00, ішкі. 169, ұялы: 8 777 006 32 92 ( Дәрігер-трансфузиолог Копеева Эльмира Рашидовна)

8 (7172) 54 33 00, ішкі. 192, ұялы: 8 771 375 02 10 (пресссекретарь НПЦТ Шарипова Асемгуль Рахимбаевна).