Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Өмір – баға жетпес құндылық!»

18 қазанда «Өмір – баға жетпес құндылық!» тақырыбында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы мен Қазақстан Республикасы және Азия елдерінің қауіпсіздік және еңбекті қорғау қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен кезекті ерікті өтеусіз қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Қазіргі таңда Қазақстан азаматтарына денсаулықсақтау жүйесінде жоғары мамандырылған, әлемдік стандарттарға сәйкес медициналық қызмет көрсетілуде. Сонымен қатар, негізгі ағзаларды транспланттау барысында, кешенді оталарды жүзеге асыруға, онкологиялық науқастарды емдеу барысында клиникаларды гемотрансфузиляқ инфекцияларға қатаң тексерулерден өткен қан компоненттерімен қамтамасыз ету өте маңызды.

ДДҰ ұсынған денсаулықсақтау жүйесін бағалау критерияларының бірі, қан қызметінің дамуы болып табылады. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының зертханалары замануи құрал-саймандармен жабдықталған, толығымен компьютерлендірілген және автоматтандырылған. Ол ғылыми-зерттеу барысында адам факторының ықпалын жояды. Астанада жыл сайын шамамен 120-140 кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен донорлорлық сессиялар өтеді. Бұқаралық ақпарат құралдарды мен әлеуметтік назарын аудару үшін іс-шаралар танымал адамдардың қатысуымен өткізіледі. Ауқымды іс-шаралардың бірі, жыл сайын 14 маусымда аталып өтетін Дүниежүзілік донор күні.

Соңғы жылдардың тәжірибесіне жүгінсек, мұндай іс-шаралар әлеумет арасында ақысыз, өз еркімен қан тапсырудың көлемін ұлғайтып отыр.

Қосымша: Қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін, жұмыс берушілер мен еңбек инженерлердің қауіпсіздік мүдделерін қорғау үшін 2016 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы және Азия елдерінің қауіпсіздік және еңбек қорғау қауымдастығы құрылған болатын. . Қауымдастыққа республиканың барлық аумақтарынан мың адамды құрайтын 10 компания қосылды.

Қауымдастықтың құрметті мүшелері болып «Sana Global Group», ТОО «СК БАЗИС», ТОО «Асиметрик КЗ» ЖШС енді.