Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қазақстандық денсаулық сақтау ұйымдары сапаны бақылау қағидаттарынан ішкі ғана емес, сонымен қатар сыртқы бағалауды жүргізуді көздейтін сапаны басқару жүйесін құруға әлдеқашан көшкен болатын.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының аккредиттеуші органдармен өзара іс-қимылда көп жылдық тәжірибесі бар, өйткені өзінің медициналық зертханаларының сапасы мен құзыреттілігінің сәйкестігін бірнеше рет растады, сондай-ақ қан қызметі ұйымдарының медициналық зертханалары үшін біліктілікті тексеру бағдарламасының провайдері ретінде сәйкестікті бағалаудан өтті.

2017 жылы біздің кәсіпорын осы салада алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау ұйымдары үшін ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес ерікті аккредиттеуден өтті.
Осы жылы алдыңғы аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта аккредиттеуден өтті.
Аккредиттеуді денсаулық сақтаудағы сапа бойынша аккредиттеу орталығы жүргізді, ол бүгінгі күні стандарттардың басты әзірлеушісі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аккредиттеген жалғыз аккредиттеуші болып табылады, сондай-ақ сыртқы кешенді бағалау сарапшыларын дайындайды.
Ішкі процестерді құру кезіндегі жүйелілік пен сабақтастық стандарттардың критерийлерімен, сондай-ақ сапаны қамтамасыз етудің ішкі процестерінің тиімділігімен қамтамасыз етіледі. Алайда, қызметті жақсарту үшін салаларды анықтай алатын сыртқы бағалаушылармен өзара іс-қимылының маңызы бар.
Сарапшылармен өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін кеңейтуге ықпал еткен және аккредиттеу кезінде сыртқы кешенді бағалау жүйесі арқылы сапаны басқару жүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосқан Аккредиттеу орталығы сарапшыларының жоғары кәсіби командасына үлкен алғысымызды білдіреміз.