Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Өмір үшін қан тамшысы»

Бүгін,  яғни 16 наурыз күні астаналық спорт қауымдастығы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен  «Өмір үшін қан тамшысы»  атты донорлық  акциясына   қатысты.

Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, астаналық спортшылар 14-ші наурыз күнін  «Игі істер күні»  деп атауды ұсынды.  Бұл күн акция өткізу үшін  кездейсоқ таңдалған емес.  Бәрімізге мәлім,  Наурыз мейрамы қарсаңында  Батыс Қазақстан өңірі   Амал мейрамын атап өтеді, өзімен тұңғұйық, терең мағынасы бар, қуаныш, мейірімділік және көптеген жағымды эмоциялар береді.  Дәстүр бойынша, адамдар бір-бірінің үйіне құттықтауларымен  қонаққа барып,  кешірім сұрап,  ұлттық тағамдар толы келген  қонақтарға дастарханын  жаяды.

Бүгін жас спортшылар мен олардың жаттықтырушылары, спорт ұйымдарының   және балалар спорт уйымдарының  басшылары донорлық акцияға қатысып, донор болды.

Солардың бірі Астана қаласының №9 арнайы мамандандырылған

балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің

директоры Айдын Тоқбаев.

Біріншіден,  бұл іс-шара қатерлі ісікпен ауыратын балаларға көмек көрсету  мақсатында  ұйымдастырылып отыр.   Сонымен қатар,  бізге донорлық қан  әрқашан қажет екені мәлім.

Екіншіден, қан тапсыру донордың өзіне де пайдалы екенін білеміз. Біз қанды  бұдан  да  бұрын  тапсырған болатынбыз  және бұл қайырымдылық акциясын жалғастыруға ниеттіміз. Осылайша Қазақстанда қан донорының банк  қорының дамуына өз үлесіміді  қосамыз деген ойдамыз, – деп   өз ойын білдірді.