Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Астананың 22 денсаулық сақтау ұйымын қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз етеді

Еліміздің сстанасында республикалық және қалалық деңгейдегі клиникалар көлемінің жыл сайын өсуіне байланысты, әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде өмір үшін маңызды болып саналатын қан және оның компоненттерінің өнімдеріне сұраныс артып келеді.

Бүгінгі күнде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы астананың 22 денсаулық сақтау ұйымын қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз етеді. Оның ішіне 6 республикалық, 13 қалалық және 3 ведомстволық мекемелер кіреді. ТҒӨО өндірістің барлық кезеңіндегі донорды тіркеуден бастап, скрининг және өндірістің кезеңін қоса алғанда, көрсетілетін трансфузиялық терапия және дайын өнімнің шығуына дейінгі сапаны басқару жүйесі енгізілген.

Донацияның көлемі жыл сайын 40 мыңнан жоғары көресткішті көрсетіп отыр. 1000 тұрғынға шаққандағы донацияның көрсеткіші 46, бұл республикалық көрсеткіштен айтарлықтай жоғары, 1000 адамға шаққандағы 17 тең болып отыр.

Донацияның барлық құрылымында өтеусіз ерікті донацияның жыл сайынғы өсуі байқалуда . Осы жылдың 1 жарты жылдығындағы үлесі 2015 жылмен салыстырғанда 6% өскен және 2015 жылдың 38% кезеңіне қарағанда 44% құрады.

Жыл сайын жоғарыда айтылған Астананың 20 000 мөлшерден астам эритроциттері бар қан компоненттерін, 30 000 мөлшерге жуық плазма беріп отырады. Жыл сайын тромбоциттерді тұтынушылығының өсуі байқалып келеді, 2016 жылғы 1 жарты жылдықта – 7500 мөлшер берілген. Барлық берілетін қан компоненттері иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етілетін, өңдеудің қосымша әдістерінен міндетті түрде өтеді.