Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Жақыныңа өмір сыйла!»

Бұл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен аптаның соңғы күнінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен өткізілген  екінші үлкен ерікті өтеусіз донорлық акциясы. Ол Бұл күнге қайырымдылық үшін қасиетті жұма күні таңдалды.

…. Егер кімде-кім біреуге өмір силаса, немесе оны өлімнен құтқарса – бұл бүкіл адамзатты құтқаруға тең -делінеді Қасиетті Құранның Мәйда сүресінің 32-аятында.

Бүгін, 2017 жылғы 5 мамырда қан доноры Астаналық Әзірет Сұлтан мешітінің қызметкерлері мен келушілері болды.  Донор болуға тілек білдіргендерден донацияға  Орталық мамандарымен  31  адам ғана жіберілді. Олардан жалпы алғанда 14 литр қан алынды.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының құрамында  жоғары білікті дәрігер-трансфузиологтар, тәжірибелі зертханашылары  бар көшпелі тобы діни адамдар уәкілдерінің қатысумен өтеусіз донорлық акцияны жылына екі рет өткіп отырады.

Донация үрдісі қан алудың жылжымалы станциясының ең жайлы және қауіпсіз жағдайында өтеді. Бұл шын мәнінде денсаулық сақтаудың жылжымалы  мекемесінің дөңгелекті мобилдік зертханасы. Оның бағытталуы – стационарлық емес жағдайда дербес жұмыс істеу, қан алу және қанды тоңазытқыш контейнерлерде ұзақ сақтау, сондай-ақ донорларды қарау, тексеру және талдау жүргізу.

Осындай станцияның бар болуының арқасында Трансфузиолгия орталығы көптеген көшпелі донорлық акция өткізеді, бұл ұйымдарға және оқу мекемелеріне өте қолайлы, өйткені олардың қызметкерлері мен студенттері өзінің жұмыс орнынан немесе оқу орнынан алыс ұзамай-ақ қан тапсыруға мүмкіндіғі мол.