Прием доноров: ежедневно с 8:30 - 17:00

Алматы ауданының полиция қызметкерлері 2016 жылды донорлық акциямен шығарып салды

Донорлық қозғалыс әрқашан маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қан қызметі оны насихаттау барысында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тәжірибе жинақтап келеді. Солардың бірі қазақстандық заңнамаларымен регламенттелген – Донорлар күні болып табылады.

Ерікті өтеусіз қан донорлығының дамуы кез-келген мемлекеттің қан қызметінің басты мәселесі. Сонымен қатар, бейбітшілік және төтенше жағдайларда жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндігі мемлекеттің қауіпсіз қан құрамымен және оның компонентерімен қамтамасыз ету деңгейіне байланысты.

Донорлар күні – ұжым қызметкерлерінің денсаулығын тұрақты түрде тексеруге мүмкіндік береді. Қан донорлығы – гуманизм, мейірімділік, қайырымдылық және патриотизм сияқты адам бойындағы жоғары адамгершілік қағидаларын тәрбиелейтініне кәміл сенімдіміз.

Осыны түсіне отырып Астана қаласы Алматы ауданының Ішкі істер басқармасының қызметкерлері көп жылдар бойы ерікті өтеусіз қан донорлығын дәріптеп насихаттау шараларына атсалысып қан тапсырып келеді. Жаңа жыл қарсаңында елордамыздың Алматы ауданының 153 полиция қызметкері донорлық акцияға қатысып, 68 литрден артық қан тапсырды.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы Донорлар күнін 2017 жылы да ұжымдардың қызмет орындарында көшпелі түрде ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.