Прием доноров: ежедневно с 8:30 - 17:00

Мұқтаж жандарға көмек …..

29 маусымда Президент Әкімшілігінде Жалпы бөліммен оның меңгерушісі Мирболат Хабиұлы Жақыповтың басшылығымен ұйымдастырылған донорлық акция сәтті өтті.

Қанымен бөлісуге 75 адам ниет білдірді.  Алдын ала зертханалық зерттеу және дәрігерлік қарау қорытындысы бойынша донор болуға 45 қызметкер өтті. Жалпы алғанда 22,5 литр консербіленген қан тапсырылды. Олардың ортасында, кім мұқтаж жандарға көмектесуге өз қанының бөлігін бөлісуді шешкен тәжірибесі бар донорлар, сонымен қатар алғаш рет келгендер де болды. Біріншілердің  арасында   донор Әділбек Басекеев болды.

–            Мен бірінші рет қан тапсырып тұрғаным жоқ. Және де бақытсыздыққа  ұшыраған  жандарға көмектесу керек деп санаймын. Қан алу үрдісі өте жайлы жағдайда өтеді. Сіздердің қан тапсыру мобилді станцияларыңыз, кезінде  өзім еңбек еткен Байқоңырда бастау сәтіне ғарышкерлерді апаратын автобусты еске түсірді, – деп атап өтті  ол.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының тобы жұмыс орнында, өз кезегінде қызметкерлер белсенділігін қамтамасыз ету мәселелеріне Жалпы бөлімнің қызметкерлерінің  үлкен ұйымшылдығын, жауапкершілігін,  сондай-ақ жұмыс үшін тиісті жан-жаұты жағдайларды қамтамасыз еткенін атап көрсетті.

 Анықтама: Қан дайындау мобилді пункті  өзіндік үлкен автобуста орналасқан, және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып жұмыс жасау үшін жайластырылған. Кешен бір уақытта төрт донордан қан алуға есептелінген. Мобилді пунктің орташа өткізу қабілеті ауысымда 100 донорға дейін құрайды. Ол 2 салоннан тұрады, олардың әрбірі белгілі бір қызметті орындау үшін арналған: тіркеу және медициналық қарау, алдын ала тексеру жүргізуге арналған зертхана, қан алуға арналған донорлық залы, сондай-ақ қанды сақтау және тасымалдау үшін медициналық модуль.

Мобилді кешенде донорлар қажетті тексеруден өтуге және қан талдауының нәтижесін (қан тобы және оның резус-тиістілігі, гемоглабин деңгейін), дәрігер-терапевтен кәсіби кеңесін алуға, сондай-ақ тәтті шәй ішуге мүмкіндігі бар.

Мобилді станция алдын ала уағдаласу  бойынша үлкен кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелерге, оқу орындарына шығады. Бір рет болса да қан тапсырған донорлар, Орталық мәліметтер қорына кіреді.  Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшеплі тобының жұмысындағы техникалық жабдықталуы, жоғары кәсіпқойлылығы, жылдамдығы донорлық қанның сақталуының және тасымалдануының сапасын және оңтайлы шарттарын қамтамасыз етеді.