Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қан банкі толықтырылды

Бүгін, жоспарлы тәртіпте Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының  көшпелі тобы «Электр желілерін  басқару  жөніндегі Қазақстан компаниясы» (KEGOC) АҚ  ғимаратында  қан құю пунктін  өрістетті.

Осы донорлық акция өткізудің басты мақсаты – қан банкін толықтыру  қажеттігі туралы адамдарды ақпараттандыру және ерікті өтеусіз негізде донор  болуға барлық  бей-жай  емес  адамдарды  тарту.

Белгілі болғандай, қан адам  денсаулығына  аса маңызды элемент болып табылады. Донорлық қан әр сағатта, әр минута қажет. Өз  қанымен бөлісу – яғни біреуге  өмір  сүруге мүмкіндік сыйлау деген сөз.

Дәл осындай мақсатты Акционерлік қоғамының бас офисінің қызметкерлері санынан  осы  акцияға қатысушылардың   көздегені.   Ерікті донорлар саны   49 адамды құрады.

 

Анықтама:  «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» Акционерлік қоғамы (KazakhstanElectricityGridOperatingCompany) (KEGOC) 1997 жылы шілде айында құрылған және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы болып табылады.

 

Компанияның  миссиясы – кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты қорғау стандарттарына,  техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарына сәйкес Қазақстанның БЭЖ сенімді жұмыс істеуін және тиімді дамуын қамтамасыз ету.

 

Келешегі – 2015 жылы «KEGOC» АҚ өңірлік  ауқымда электр энергетикалық саласында  әлемдік деңгейде және орталық  құзыретіндегі  Компания атану.