COVID-19

Донорларға арналады……..

Маусымның  14 күні, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталық ерікті өтеусіз донорларын мараппаттаған  болатын.    Сол күні  сайтымыздың Айжан  Боранбаева  есімді   оқырманынан   донорларға  арналған  төмендегі құттықтау жолдары келіп түсті.

       – «Трансфузиология  ғылыми- өндірістік  орталығының ұжымын  Дүниежүзілік  донор күнімен құттықтаймын.Жетер жетістікпен,шығар белес болсын! Еңбегімізге себепші Донор  жандар  аман болыңыздар, сіздер үшін:

 

Үміт жанға,донор боп қуантқандар
Оларда дархан жүрек,таза қандар
Бойында тамшылаған əрбір қанын
Сыйлаған,періште боп ол адамдар
Жалғаған үміт отын, өмір нəрін
Сен Донор көмегісің əрбір жанның!
Кеудеге дем,жүрекке жылу беріп,
Жанарына жарық беріп,қуантқансың
Амандық саулық саған серік болсын
Жүрегің мейірімге тұнып тұрсын,
Ниетіңе сен сыйлаған үміт жандар
Ғұмыры ұзақ болып,аман жүрсін.
Жақсылығың жер бетінде жасаған
Донор сенің пейілің кең тасыған
Үміт жанның қуануын тілеген
Періштесің,қайта өмір сыйлаған!
14/06/2017
Айжан

Құрметті Айжан! Орталық ұжымының және біздің  құрметті  донорларымыздың  атынан  Сіздің жылы сөзедеріңізге үлкен алғысымызды білдіре отырып,  Өзіңізге   денсаулық тілейміз!