Прием доноров: ежедневно с 8:30 - 17:00

Нұротандықтардың жаңа жыл алдындағы қайырымдылық донорлық акциясы

2016 жылдың соңғы күндері келер 2017 жылдың алдында «Нұр Отан» ХП «Астана Innovations» Акционерлік қоғамының бастауыш партиялық ұйымы ашық донорлық Күнін өткізді.

Біздің республикамыздың астанасында Қан қызметін дамыту бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – жаппай ұжымдық донорлықты жүзеге асыру табысты іске асып жатыр. Қала азаматтыры қатарынан қайырымды, адамгершілігі мол, адалдыққа бей-жай қарамайтын донорлар санының үнемі өсуі осыны көрсетіп отыр.

Осылайша, 28 желоқсан күні донорлық қан дайындауды қамтамасыз етуде көптеген жылдар бойы, әртүрлі кәсіпорындарда, оқу орындары мен мекемелерде донорлық шараларды іске асыруда жинаған жұмыс тәжірибесі мол – Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі бригадасы осы күні нұротандықтардың жаңа жыл алдындағы қайырымдылық акциясы барысында 30 донорды қабылдады.

Ерікті өтеусіз донор болуға ниет білдіргендердің саны одан көп болды. Өкінішке орай, дәрігер-терапевт және алдын ала зертханалық тексеруден өту қорытындысы олардың көбісіне денсаулығына байланысты қан доноры болуға болмайтыныдығын дәлелдеп берді.

«Нұр Отан» ХП «Астана Innovations» АҚ бастауыш ұйымы төрағасының орынбасары Гаухар Мысаева – компанияның құрылғанына көп уақыт болмағанына қарамастан осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастыру дәстүрге айналғандығын атап өтті. Ал, донорлық акция, баршамызға мәлім, әрқашанда өзекті және донорлық қан үнемі қажет. Сондықтан, өткелі отырған жылды осындай шарамен аяқтауды жөн көрдік, оның үстіне ұжымның негізгі құрамы – жастар, бұл идеяны қолдатынын білдіртті.