Прием доноров: ежедневно с 8:30 - 17:00

Туран колледжінде өткен «Қан – өмір үшін судай қажет» атты презентациясы

Донорлықты насихаттау және жұртшылықты, соның ішінде 18 жасқа толмаған жастарды  хабардар ету мақсатында, Трансфузиология  ғылыми-өндірістік орталығы    жылдың басынан  бастап «Қан – өмір үшін  судай қажет»  атты презентациясын   астаналық мектеп қабырғаларында өткізуде. Бүгін, осындай кездесу және талқылау астаналық Туран колледжінің 2 курс студенттерімен өтті. 2000 жылдан бастап ортақ -арнайы оқу мекемесі Алматы  қаласы  «Туран»  университеті мен  «Туран-Астана» университетімен біріге «колледж-ЖОО»  үздіксіз білім жүйесінде  жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда білім мекеменің   білім алушылар  контингенті -1557 құрайды.   Он бес жыл ішінде төрт жарым мыңнан астам студенттер мамандық  алып,  қазіргі таңда   еңбек етуде.

         Өсіп келе жатқан ұрпақты ерікті өтеусіз донорлық мәселері бойынша  оқу-ағарту бағдарламасы Астана қаласының білім басқармасының қолдауын тапты.Оқу орындары өз кезегінде, керек құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп,  қолдарынан келгенше жағдай жасап отырады. Жалпы алғанда,   3 ай шамасында   500 оқушы мен студенттерге презентация усынылды.

     Тыңдармандардың  үлкен қызығушылығы мен белсенділігін атап өту орынды.  «Қан тапсыру  рәсімі аурушандық туғызады ма, вегетарианецтер донор бола алады ма, кім жиі қанға зәру болады, неге 18 жасқа деиін донор болуға тиім салынады, қанымды арнайы бір кісіге тапсырсам болады ма» және тағы да басқа сұрақтар қойылды.   Презентация аяғында бірқатар студенттер  жуық  арада   донор болуға ниетті екендігін айтты.

         Анықтама:  Бүгінгі таңда республикада 18 қан орталықтары жумысын атқаруда: Трансфузиология  ғылыми-өндірістік орталық (.Астана қ-сы), Республикалық қан орталығы (Алматы қ-сы), 14 облыстық , 2 қалалық орталық (.Алматы,  Семей қалалары).

     Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы  Астана қаласының  22 медициналық мекемелерін қанның компоненттері  және  препараттарымен қамтамасыз етеді.

   Донация мөлшері  Республика бойынша жыл сайын шамамен  280 мыңды, ал  қанның мөлшері 190 мын литрді құрайды.

   2012-2016  жылдар  аралығында зертханалық сүйемелдеу арқылы 200 ден астам гемопоэтті  тің жасушалары және 800-ден  астам ағзаларды  трансплантациялау   (жүрек,өкпе, бүйрек) өткізілді. Сүйек кемігі донорлар регистрінде   6000  потенциалды донорларды  тіркелген.

      Жыл сайын өтеусіз донацияның мөлшері өсуде,  суйтіп 2016 жылы 92% құрады. Барлық донациялар жуйесінде ерікті донация 4% пайызға өсіп 2015 жылмен салыстырғанда 59% құраған.

    Жыл сайын республикадағы  медициналық мекемелерді инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіз тромбоциттермен камтамасыз ету мөлшері де арттыруда(76% лейкофильтрация арқылы  вирусы жойылған тромбоциттер, ал 2015 жылы 66% ғана құраған).

   Республикалық медициналық ұйымдарға бөлінген лейкофильтрді эритроцитті трансфузиялық орта 67%  құрады.