Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Пресс-релиз

Әрқайсымыз өмірімізде қалай да болса бір рет органдарды трансплантациялау туралы естіген болар, алайда, осы операцияны сәтті өткізу үшін HLA типтеу қажет екендігін бәрі бірдей біле бермейді.
HLA типтеу туралы білу және ол туралы айту үшін «Хабар» телеарнасының тілшілері орталығымыздың HLA зертханасына келді, зертхананың меңгерушісі Аида Тұрғанбековамен, «Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы» АҚ дәрігер-трансплантологы Мэлс Асықпаевпен және ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде мәйіттік донордан бүйрек транспланттауын басынан кешкен пациент Дархан Эрматовпен тілдесті.
HLA типтеу өмірлік маңызы бар ағзаларды транспланттау бойынша жоғары технологиялық операцияларды жүзеге асыруда аса маңызды түйін болып табылатын пациент пен донордың гендік сәйкестігін анықтайтын дәлдігі жоғары лабороториялық зерттеу. Алынған ақпаратты қорыта келгенде тілшілер бұл бірегей диагностика – сәтті трансплантацияның кепілгері екеніне көз жеткізді, ал бұл тағы бір өмірді құтқаруды білдіреді!