Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

2018 жылғы 13 маусымда Транфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты бағдарламасының жаңа ережелерін талқылады.

Мемлекеттік құпиялар және жұмылдыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі м.а. Ринат Рустамович Галиев баяндама жасады.

Өз баяндамасында ол бағдарламаның негізгі бағыттарын атап шықты: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», екінші бастамасы: Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту», үшінші бастамасы: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», төртінші бастамасы: «Шағын несие беруді көбейту», бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».

Мемлекет басшысы Қазақстан биылғы Жолдауда Үкімет алдында оны іске асыру жөніндегі міндеттерін белгіледі.